Ақтауда қала күнінде үшем дүниеге келді

Фотография - Ақтауда қала күнінде үшем дүниеге келді

19 қыркүйек - Ақтау қаласы күні дүниеге Ясмина, Ясина және Яснура есімді үшем келді. Қыз балалардың денсаулығы жақсы. 25 қыркүйек күні олар перзентханадан шығарылды

267 0

19 қыркүйек - Ақтау қаласы күні дүниеге Ясмина, Ясина және Яснура есімді үшем келді. Қыз балалардың денсаулығы жақсы. 25 қыркүйек күні олар перзентханадан шығарылды.

Дүниеге үшем әкелген 27 жастағы анасы Перизат Дегениязова көпбалалы ана атанды. Енді оның бес баласы бар. Үлкендері - 8 жасар Әлихан мен 4 жасар Ботагөз бауырларын тағатсыздана күткен.

"УДЗ-ге жоспар бойынша, болашақ баламыздың жынысын білуге келдік. Үшем болатынын естігенде, қуанышымызда шек болмады. Өзім тіпті жылап жібердім, жұбайым да қатты қуанды. Жүктілік кезеңі жақсы өтіп, қиындықтар туындаған жоқ. Киелі мереке Құрбан айттың құрметіне қыздарымызға мұсылман есімдерін бердік", - деді Перизат Дегениязова.

Ата-аналары нәрестелерін қалай ажырататынын әзірге білмей отыр. Қыздары бір-бірінен аумай қалған, деп жазады Лада.кз.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!