Семейде сот жүйесінің ардагері Н. Түменов тұрған үйде ескерткіш тақта ашылды

Фотография - Семейде сот жүйесінің ардагері Н. Түменов тұрған үйде ескерткіш тақта ашылды

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д. Әміров сот жүйесінің ардагері Ниязбек Түменовті есте сақтау мақсатында ол тұрған үйге орнатылған ескерткіш тақтаның салтанатты түрде ашылуына қатысты

271 0

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д. Әміров сот жүйесінің ардагері Ниязбек Түменовті есте сақтау мақсатында ол тұрған үйге орнатылған ескерткіш тақтаның салтанатты түрде ашылуына қатысты.

Атаулы шара ШҚО Судьялар одағы филиалының, Н.Т. Түменовтің жақындары мен туысқандарының бастамасымен ұйымдастырылды.  

Ниязбек Түменұлы - 1920 жылы 22 маусымда Орал облысы, Қаратөбе ауданында дүниеге келген. Бұрынғы Семей облыстық сотының төрағасы лауазымында 25 жыл қызмет атқарды.

Н.Т. Түменов  қырық жылдан астам еңбек етіп, еліміздің сот жүйесінің қалыптасуы және дамуына зор үлесін қосқан еді. Оның осынау еліне сіңірген ерен еңбегі бағаланып, "Октябрь ревалюциясы» және Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткені үшін "Отан соғысы", "Құрмет белгісі", тағы басқа да ордендермен марапатталған. Сонымен қатар, "Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері" деген атаққа ие болған.  

Өткен ғасырдың 70-ші жылдары Семейде Қазақстан тарихында бірінші рет Ниязбек Түменұлының бастамасымен облыстық соттың жаңа ғимараты салынған болатын.  


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!