ОҚО-ның полицейлері үш күннің ішінде 80 мас жүргізушіні анықтады

Фотография - ОҚО-ның полицейлері үш күннің ішінде 80 мас жүргізушіні анықтады

"Мас жүргізуші - қылмыскер" акциясының аясында көлікті алкогольдік мас күйінде басқарған 80 жүргізуші анықталды.

253 0

 ОҚО-ның полицейлері үш күннің ішінде 80 мас жүргізушіні анықтады.

"Мас жүргізуші - қылмыскер" акциясының аясында көлікті алкогольдік мас күйінде басқарған 80 жүргізуші анықталды. Рейдтік шараларға ОҚО ІІД-нің 900-ге жуық полицейі мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері жұмылдырылған. Анықталған мас жүргізушілердің бәріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі.

Аталған шараны өткізу кезінде полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың 3 мыңнан астам фактісін тіркеген. Осылайша, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 811 бұзушы, қозғалыс кезінде ұялы телефонмен сөйлескені үшін 482 адамға айыппұл салынды. 298 бұзушы жылдамдық режимін асырса, 197 адам көліктерінің терезелерін тұмшалағаны үшін жазаланды. Полиция қызметкерлерінің мәліметтерінше, 113 жүргізушінің көлік құралдарын жүргізу құжаттары болмады, 77 адам жаяу жүргіншілерге жол бермеген, тағы 12-сі жолдың қарсы жолағына шыққаны үшін жауапқа тартылды. Бұдан басқа, тәртіп сақшылары көлік құралдарын жалған мемлекеттік нөмірлермен жүргізген 6 оқиғаны анықтаған.

Полицияда аталған шараның көлікті алкогольдік мас күйінде жүргізудің алдын алу және жол-көлік оқиғаларын төмендетумен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін өткізілгенін еске салып отыр. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!