Талдықорғанда "Қала күнін" кең көлемде аталып өтті (Сурет)

Фотография - Талдықорғанда "Қала күнін" кең көлемде аталып өтті (Сурет)

Талдықорғанда жылдағы қалыптасқан үрдіс бойынша биыл да "Қала күні" жоғары деңгейде аталып өтті. Кеше қала тұрғындары көптеген игі істердің куәсі болды.

381 0

Талдықорғанда жылдағы қалыптасқан үрдіс бойынша биыл да "Қала күні" жоғары деңгейде аталып өтті. Кеше қала тұрғындары көптеген игі істердің куәсі болды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала күніне арналған мәдени-көпшілік шаралар легі Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бастаған қонақтардың Даңқ обелискіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Батырлардың ерлігіне тағзым еткен өңір басшысы Талдықорған қаласының әскери гарнизонының Қазақстан Республикасының қарулы күштерінде қолданыста тұрған қару-жарақтар мен әскери техникалар қойылған көрмесін тамашалады. Бұл көрме көпшіліктің көзайымына айналды.

Мереке күніне орай қаланың тағам саласында еңбек етіп жүрген кәсіпкерлері де өздерінің сүбелі үлестерін қосты. Атап айтқанда "Қала күні" мен Қазақ хандығының 550 жылдығына арнайы диаметрі 550 см. болатын алып пицца мен 80 келі тартатын көлемді торт әзірленіп, қала тұрғындарына тарту етілді.

Сонымен қатар қаланың кәсіпорындары мен өндіріс ұжымдары өз өнімдерінен көрме ұйымдастырып, халықтың қызығушылығын оятты. Қаланың өнерлі жас бүлдіршіндерінің әзірлеген концерттік бағдарламасы жиылғандардың көңілдерінен шығып, ықыласына бөленді.

Мерекелік шаралар Талдықорған қаласының орталық стадионында жалғасты. Осы күні стадион да жұртшылыққа толы болды. Шараны облыс әкімі Амандық Баталов ашып, талдықорғандықтарды мерекелерімен құттықтады:

- Қадірлі талдықорғандықтар! Сіздерді Қала күні мерекесімен және Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында, Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында қаржылық дағдарысқа қарамастан елімізде тұрғын үйлер, мектеп, балабақша, ауруханалар салынып, жолдар жаңартылуда.

Соның ішінде Жетісудың кіндік қаласы Талдықорғанның келбеті көз алдымызда жаңарып, жақсарып келеді.

Дана халқымыздың "Ырыс алды ынтымақ" деген аталы сөзі бар. Халықтың ынтымағы, татулығы, бір-біріне деген құрметі - ел өркендеуінің кепілі. Ендеше, әсем қаламыз - бақ-береке бесігі болсын деп тілейік. Еліміздің болашағы баянды болсын! Әр шаңыраққа жақсылық, мол бақыт тілеймін! - деді әкім.  

Мерекелік шара қаланың үздік өнер ұжымдары әзірлеген гала концертіне ұласты.

Қала күніне орайластырылған мерекелік шаралар кешқұрым Қазақстан эстрадасы әншілерінің қатысуымен өткен қала жастарына арналған би кешімен және мерекелік отшашумен өз межесіне жетті.
 

 

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!