ТМД елдері 2016 жылдан бастап педофилдердің бірыңғай базасын енгізеді

Фотография - ТМД елдері 2016 жылдан бастап педофилдердің бірыңғай базасын енгізеді

Егер ондай адамдар біздің шекарада кездесіп жатса, бақылаушы органдар бірден білетін болады. Сондықтан ондайлар біздің жерде ұзақ тұрақтап тұра алмайды

424 0

ТМД елдері келесі жылы зорлық-зомбылық жасаған азаматтардың бірыңғай базасын енгізеді. Бұл туралы бүгін "Орталық Азия елдерінің зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өзара әрекеттестігі" атты халықаралық форумда ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мәлімдеді. 

– Бұл аса қиын шаруа емес. ТМД елдері бойынша ақпаратты келесі жылдан бастап алатын боламыз. Біз бәрін сараптап, ой елегінен өткіздік. Қазіргі уақытта  әріптестермен бірге зорлық-зомбылық жасаған азаматтардың бірыңғай базасын жасақтауды қолға алып жатырмыз. Егер ондай адамдар біздің шекарада кездесіп жатса, бақылаушы органдар бірден білетін болады. Сондықтан ондайлар біздің жерде ұзақ тұрақтап тұра алмайды. Шекара қызметінде егер қандай да бір азаматтың Қазақстанға кіруіне шектеу қойылғаны белгілі болса, еш түсініктемесіз оны Қазақстан жеріне кіргізбеуге шекарашылардың құқығы бар. Бұл әрине қылмыс жасаған, заң бұзған, бұның алдында Қазақстаннан шығарылған азаматтарға қатысты. Немесе шетелде қылмыс жасаған, қылмыстық іспен айналысушы тұлғаларға да байланысты. Бастысы, бізге өзге мемлекеттердің базасындағы ақпаратты алу керек дейді, – Андрей Кравченко.

Айта кетейік, бүгін Бас прокуратурада Діндерді зерттеу орталықтары қауымдастығының бастамасы бойынша "Орталық Азия елдерінің зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өзара әрекеттестігі" атты халықаралық форум басталды.Жиын жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ ҚР Парламентінің депуттары, сарапшылар қатысып жатыр. 

 

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!