Қызылордада ардагерлер мен жастар балық аулап жарысты

Фотография - Қызылордада ардагерлер мен жастар балық аулап жарысты

Қармақшы ауданында "Иіркөл" көлінің жағалауында 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай ардагерлер мен жастар арасында балық аулаудан жарыс өтті, деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен

251 0

Қармақшы ауданында "Иіркөл" көлінің жағалауында 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай ардагерлер мен жастар арасында балық аулаудан жарыс өтті, деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен. 

Жарыс ережесі қарапайым, кімнің аулаған балығы көп болса, сол жеңімпаз. Берілген уақыт - 3 сағат. Қатысушылар қармақтарын салған бойда «балық ілінді» деген қуанышты дауыстар естілді. 

Аудан әкімі Сұлтан Мақашов: "Сіздер зейнет жасында болсаңыздар да қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосып келесіздер. Ұлт болып ынтымақтасуды, отанды сүюді, бірлік пен бауырмалдық сынды құнды қасиеттерді біз Сіздерден үйрендік. Сол үшін де Сіздердің алдарыңызда басымызды иіп, тағзым етеміз. Тәуелсіз еліміздің жас буынын патриоттық рухта тәрбиелеуде Сіздер әлі де бізге жол көрсетіп, аталық ақыл-кеңестеріңізді береді деген сенімдемін", - деп ардагерлерді қарттар күні мерекесімен құттықтап, сый-сияпат жасады.

Жарыс қорытындысымен зейнеткер Әбраман Тұрғанов І орын иеленді. Ол, 3 сағаттың ішінде оннан аса балық аулап үлгерген. ІІ орынды зейнеткер Болат Әбжәлиев жеңіп алса, ІІІ орынды жастардан Нұрлыбек Ешманов иеленді. 

Мұнан өзге жарыста "Ең салмағы ауыр" балық аулаған жастардан Ғалымжан Искаков, "Дәмді сорпа"  дайындағаны үшін зейнеткер Жүніс Жаркеткенов марапатталды.

Бұл шараның өткеніне дән риза болған ардагерлер ақ баталарын берсе, жастар алдағы уақытта бұл шараның жалғасын тапса деген ұсыныстарын айтты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!