Астаналық оқушылар тегін тамақпен қамтамасыз етіледі

Фотография - Астаналық оқушылар тегін тамақпен қамтамасыз етіледі

Астана қаласы мәслихатының 56-шы сессиясында елорданың Білім басқармасына 1 миллиард 162 миллион теңге көлемінде қаражат бөлу мәселесі қарастырылған болатын

211 0

Астана қаласы мәслихатының 56-шы сессиясында елорданың Білім басқармасына 1 миллиард 162 миллион теңге көлемінде қаражат бөлу мәселесі қарастырылған болатын. Аталмыш қаржы көзінің 1 миллиард 93 миллион теңгесі қала мектептеріндегі 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақтанумен қамтамасыз етуге бағытталып отыр, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Эльмира Суханбердиева, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы:

– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі білім саласының дамуына ерекше көңіл бөледі. Мемлекетте әлдебір жаңа жобалардың апорбациясы жүргізілсе, Астана әрдайым бірінщі кезекте тұрады. Астана - әкім мен мәслихат тарапынан бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтанумен қамтамасыз ету бастамасы қолдау тапқан еліміздегі жалғыз қала. Сонымен қатар, мәслихат шешіміне сай 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жетім балаларға, ата-ана қарауынсыз қалған балаларға және аз қамтылған отбасылардар шыққан балаларға қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығы беріледі.

Мысал үшін атап айтатын болсақ, №6 орта мектепте бастауыш сынып оқушыларының тамақтану кестесі төртке бөлінген. Мұнда күнделікті бастауыш сыныптардың 600 астам оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылады. Сонымен қатар, жетім және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар да тегін тамақтанумен толық қамтылып отыр.

Еске сала кетейік, елордада 91 жалпы білім беретін мекеме жұмыс істеуде, онда 56 377 бастауыш сынып оқушысы тіркелген.  


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!