Қазақстандық қажылар қажылық кезінде болған оқыс оқиға туралы айтып берді (Сурет)

Фотография - Қазақстандық қажылар қажылық кезінде болған оқыс оқиға туралы айтып берді (Сурет)

Бүгін Алматының халықаралық әуежайында 94 24 Жидда – Алматы рейсімен келген қазақстандық қажыларды туыстары мен БАҚ өкілдері күтіп алды.

1510 0

 "Сіздер Алланың үйіне бара жатырсыздар. Сапардың өзіне тән қиындығы болады. Сабырлы болуға тырысыңыздар. Бір-бірлеріңізге таяныш, сүйеніш, қамқор болыңыздар. Қажылықтың әрбір минутын құлшылықпен, Аллана еске алумен, елімізге, Елбасымызға, жерімізге, Отанымызға дұға-тілек жасаумен өткізу абзал", - деп  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қажыларды ұлық сапарға шығарып салған болатын. Сол отандастарымыз енді міне қажылық парызын орындап, елге аман есен оралуда. 
Бүгін Алматының халықаралық әуежайында 94 24 Жидда – Алматы рейсімен келген қазақстандық қажыларды туыстары мен БАҚ өкілдері күтіп алды. 
Осы рейспен келушілер қатарында Асыл арна телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков келген екен.


"Биылғы қажылық ерекше болды, бұрындары да барып жүрген жағдайым бар. Біріншіден, тарихта алғаш рет тікелей рейс ашылып, қажыларға шаршамай барып, емін-еркін құлшылығын жасауға көп септігін тигізді. Екінші мәселе бйылғы қажылық тура Аравиядағы ең ыстық мезгілге тура келді. Алайда Сауд Аравия ыстығы қатты адамды қатты терлетіп, шөлдеткенімен денсаулыққа қатты зиян келтіре қоймайды. Үшіншіден, әлемдік  кризис бар отбасылық жағдайлары бар жалпы айтқанда еліміз бейбіт өмір сүріп, жағдайы тұрақты болғандықтан қазақстандық қажылардың жүзі жайдары болып жүрсе, ал басқа елден келген мұсылман бауырлардың көпшілінде өз елінде болып жатқан кереғар жағдайларға байланысты жүздерінен мұң көрінеді", - дейді Мұхамеджан Тазабек.
"Мина жазығында болған оқиғаны қазақстандық қажылардан ешкім көре қойған жоқ, алайда қазақстандықтар жатқан қонақ үйдің қасындағы ауруханаға келіп кетіп жатқан жедел жәрдем көліктерінің сиреналары естіліп, ауруханаға кіргізіп жатқан жапа шеккен адамдарды көрдік, бірақ бұл жерде бір мәселе бар, мұны сансаққа жүгіртіп, саяси астар іздеп түбінде қажылыққа баруға болмайды деп те жатқандар бар, олай емес әрине, бұлай қараған кезде Алланың қалауымен кейде бейбіт замандада адамдар әр түрлі жағдайларға ұшырап жатады. Өзіңіз ойлап қараңыз Еуропаға үш жүз мыңдай босқын барған кезде, дамыған Еуропаның өзі сасқалақтап қалды. Ал Араб елі 3-4 миллиондай адамды күтіп алып шығарып салып жатыр. Ол жерде күтіп алып жатқан көптеген нәтижелі жұмыстар көзге көрінбей жатыр. Кейде Алланың қалауымен осындай жағдайлар болып жатады, бірақ ол үшін қажылықты жек көріп, Мекке, Мединадан бас тартуға болмайды. Себебі, адамның жаны шығатын болса оған нақты бір себептің де керегі жоқ", - дейді тілшіге берген сұхбатында Мұхамеджан қажы.


Қажылыққа барып парызын өтеушілер арасында Жәкен апада бар. Кейуана 75 ке толған шағында қажылыққа бала-шағасымен барған. Парызын өтеп, елге аман оралғаны үшін Аллаға шүкіршілік етеді жәнеде қажылықты жеңіл өтуіне ықпал жасаған, Елбасына және де Атлас компаниясы мың алғысын айтуда. "Әрине ауа райы ыстық болды, шекарадан өту, тексерулер көп болды, бірақ та соның бәріне шыдас беріп Аллаға шүкір міндетімізді атқардық", - дейді Жәкен апа


"Мина жазығында, шайтанға тас лақтыру кезінде болған оқыс оқиға кезінде, біз лагерьде болдық, бәрі де бірқалыпты тыныш болды. Әрине мұншама адам бір мезетте келгенде, ұйымдастыру жұмыстары қиынға соғады. Сонда да Сауд Арабиялықтардың қызметі, ұйымдастыруы, барлығына жағдай жасап беру өте жоғары деңгейде болды. Менің ойымша қажылыққа барарда моральді және физикалық тұрғыдан дайын болу қажет. Себебі күннің қатты ыстық болуы, ұзақ жүруден шаршайтында кездер болды. Сондықтан турагенттіктерге адамның қаншалықты қажылыққа дайын екендігін анықтап барып жіберуін және де егде жастағы кісілер болса қасында бір туысы болуын қадағалауды ұсынар ем", - дейді Бақыт Ахмет. 


Қажылыққа бірінші рет барған Әлібек Назарбек атамыз бен апамыз Сауд Арабия халқының ұйымдастыруына, күтіп алуына ризамыз дейді. Егде жастағы кісілер қажылық парызын жеңіл атқарып шыққандығын да айта кетті. Меккеден Жидда қаласына жету ұзаққа созылды, себебі қайтушылардың көптігінен екі қаланың ортасында жол кептелісі ұзағынан болды", - дейді егде жастағы қажылар.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазаұстанна қажылыққа 4600-ге жуық қазақстандықтар Мекке қаласына аттанған болатын. Мина жазығында болған оқиғада қазақстандық қажылардың болмағандығын ертеректе жазған болатынбыз. Биылғы қажылықта егде жастағы кейуана денсаулығы нашарлап, жергілікті ауруханаға түскен, артынша сол жерде бақилық болған.

Сауд Арабия Корольдігіне (САК) ресми сапармен барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық Миссиясының төрағасы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз Эр-Рияд қаласында "Нас" холдинг басшысы Ахмет Сұлтан мырзамен кездесіп, биыл Flaynas халықаралық әуекомпаниясы қазақстандық қажыларды тікелей рейспен қасиетті Мекке қаласына жеткізу туралы келісімшарт жасасқан болатын.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!