Жамбыл облысының әкімі аймақ тұрғындарына қыс қатты болатынын ескертті

Фотография - Жамбыл облысының әкімі аймақ тұрғындарына қыс қатты болатынын ескертті

Жамбыл ГРЭС-інде бес энергоблок жұмысқа әзір. Жыл басынан бері елді мекендерді электр энергиясымен қамтамасыз ету жөнінде бірнеше жоба жүзеге асырылды.

493 0

Жамбыл облысы кезекті жылыту маусымына 98 пайыз әзір. Бұл туралы ақпарат облыс әкімдігінде өткен отырыста айтылды.

Жамбыл ГРЭС-інде бес энергоблок жұмысқа әзір. Жыл басынан бері елді мекендерді электр энергиясымен қамтамасыз ету жөнінде бірнеше жоба жүзеге асырылды. Жуалы ауданында ілкі жоба ауқымында қуаты 50 мегаваттық күн электр стансасы пайдалануға берілді. Жылыту маусымына әзірлік жөніндегі облыстық штабтың көктем шыға  іске кірісуінің арқасында коммуникация желілері тәртіпке келтіріліп, отын-энергетика кешенін және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты тыңғылықты дайындауға мүмкіндік жасалды, деп атап өтті Е.Көшербаев.  

Облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы қазіргі проблемалардың арасында магистральдық жылу жүйелерінің елеулі тозуын (Таразда - 70 пайызға дейін) және бюджеттік ұйымдар мен коммуналдық кәсіпорындардың дебиторлық берешегінің көбейіп кеткенін (Таразда - 435 млн. теңге) атап өтті.

"Сірә, биылғы қыс қатты болуы мүмкін, сондықтан да оған тыңғылықты әзірлену қажет, - деп атап өтті Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев. - Ең алдымен энергетикалық кешеннің ірі кәсіпорындары отын көлемін қажетті мөлшерде дайындап алулары, баға көтерілмей тұрғанда ертерек қимылдау қажет. Тараз қаласы мен аудандардың, ауылдық округтердің әкімдері ауруханаларда, мектептерде және басқа да әлеуметтік нысандарда қыста жылы болуын қадағалаулары тиіс".

Облыстық энергетика және ТКШ басқармасының мәліметтері бойынша, 2015 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесінің әртүрлі нысандарын қысқы маусымға әзірлеуге бюджеттен 11,5 млрд. теңге көзделген. Сонымен бірге, облыс орталығының жылу магистралін жаңғыртуға техникалық-экономикалық негіздеме әзіәрленді. 14,4 млрд. теңгеге 17 шақырымнан астам желілерді ауыстыру жоспарлануда.  

Шағын қалалардың орталық қазандықтарын қажетті отын қорымен қамтамасыз ету үшін 817 млн. теңгеге табиғи газ, мазут және көмір сатып алу қажет. Облыстың бюджеттік мекемелеріне 62 мың тонна көмір, халық үшін - 340 мың тоннадан астам көмір сатып алу жоспарлануда, деп атап өтті ведомствода. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!