Республикалық мотошеру Көкшетауға келіп жетті

Фотография - Республикалық мотошеру Көкшетауға келіп жетті

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық мотошеруге қатысушылар Ақмола облысының орталығына келіп жетті.

212 0

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық мотошеруге қатысушылар Ақмола облысының орталығына келіп жетті. Бұл туралы "Kz Bike" қоғамдық бірлестігінің президенті, әлемге танымал байкер Дмитрий Петрухин бастаған делегация ат тұяғын тоздырған, құс қанатын талдырған ұлан-байтақ жерімізді мотоциклмен жүріп өту мақсатында, тамыз айында Алматы қаласынан жолға шыққан болатын. Айналасы бір айдың ішінде Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Астана, Талдықорған, Петропавл, тағы басқа аймақтарда болып үлгерген мотошерушілерді көкшетаулықтар да ыстық ықыласпен қарсы алды. Меймандар алдымен облыс орталығының басты көшелерімен шерулетіп жүріп өтіп, Тәуелсіздік алаңында ұйымдастырылған салтанатты жиынға қатысты. Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаева киелі Көкше жерінде тарихи тұлғалардың дүниеге келгендігін, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын абыроймен атап өтуге ақмолалықтар да өз үлестерін қосып жатқандығын айта келе, қонақтарға зор ризашылығын жеткізсе, ел ағасы Мейрамбек Қиықов ақ батасын арнады. Делегация жетекшісі Дмитрий Петрухин ақмолалықтарға ұлы тойдан естелік ретінде патриоттық жалауды сыйға тартты. Ендігі кезекте Қостанайға бағыт алған мотошерушілердің тағлымдық сапары Тараз қаласындағы дүбірлі тойда өз мәресіне жетпек.

egemen.kz 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!