Кортеж оқиғасы: Əкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Б.Балташев қызметінен босатылды (Бейне)

Фотография - Кортеж оқиғасы: Əкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Б.Балташев қызметінен босатылды (Бейне)

Бұл Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Балташевтің ұлының тойында орын алған оқиға екені расталды.

495 0

Ұлының тойына орай Астананың бас көшелерінде жол ережесін өрескел бұзған кортеж оқиғасынан соң  полиция полковнигі Бақытжан Балғабекұлы Балташев қызметінен босатылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Астана қаласында той шеруіне қатысушылар жол ережесін бұзғандары үшін жауапқа тартылды. Аталған факт бойынша жалға алынған автокөлік жүргізушілері мен той иесінің таныстары айыпты деп танылып отыр.

Бұл Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Балташевтің ұлының тойында орын алған оқиға екені расталды.

Осы жағдайға байланысты полиция полковнигі Балташев Бақытжан Балғабекұлы өз өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды",-деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 26 қыркүйекте әлеуметтік желілерде Астанада той кортежінің видеосы шыққан болатын.


Тегтер:

Астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!