Қызылордада "Еңбек әулеттерінің" ІІ форумы өтті

Фотография - Қызылордада "Еңбек әулеттерінің" ІІ форумы өтті

Кеше, 29 қыркүйекте Қызылордада Еңбек күніне орай "Ата кәсіп-алтын мұра" атты екінші еңбекшілер форумы өтті

227 0

Кеше, 29 қыркүйекте Қызылордада Еңбек күніне орай "Ата кәсіп-алтын мұра" атты екінші еңбекшілер форумы өтті. 

Аталған форумға еңбек сабақтас­тығын жалғастырушы дәрігерлер әулетінің өкілдері,  білім беру саласының майталмандары, 600-ден астам еңбек өтілі бар теміржолшылар әулеттері, ауыл шаруашылығы саласында жемісті еңбек етіп жүрген барлығы 12 еңбекшілер әулеті қатысып, Қызылорда облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

    Биылғы жылдың  ерекшелігі - форумға Сыр елінің мақтаныштары - балықшылар әулеті, ата бабамыздың кәсібін жалғастырушы малшылар әулеті, рухани құндылықты насихаттаушы кітапханашылар әулеті қатысты. Олардың ішінде темір жол саласы бойынша 744 жыл еңбек өтілі бар Байсағұловтар әулеті,  600 жылға жуық темір жол саласында аянбай еңбек етіп келген  жалағаштық Бадрақовтар әулеті де бар. Сондай-ақ, қармақшылық Жұматаевтар әулетінде 18 адам білім саласында жемісті еңбек етуде. Олардың жалпы еңбек өтілі 530  жылды құрайды.

     Салтанатты шарада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қарапайым еңбек адамын құрметтеудің маңызына тоқталып, жиылғандарды Еңбек күні мерекесімен құттықтады.

 - Осындай өз кәсібін атадан балаға мирас ете білген, бір саланың дамуына отбасы болып үлес қосып жүрген азаматтарды мадақтап, марапаттап, көпшілікке үлгі қылуымыз қажет. Бұл жастардың болашақта мамандық таңдауына да, өз ісіне құрметпен қарауына да зор үлес қосары сөзсіз. Болашақта осы әулеттердің қатарына жаңа мамандық иегерлері, бағдарламашылар, сот саласының өкілдері, құрылысшылар, мұнайшылар қосылады деген ойдамын. Сіз бен біздің еңбегіміз еліміздің бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енуін қамтамасыз етуге қосқан үлес болуы керек, - деді аймақ басшысы.

Еңбекшілер әулетінің өкілдері де өздеріне көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдірді.

- Біздің әулетімізде денсаулық сақтау саласында 19 жан еңбек етуде, сондай-ақ 2 студент болашақ дәрігер атанбақ. Қазіргі күні облыста денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында біраз жұмыстар атқарылуда. Биыл 4 емхана пайдалануға берілсе, алдағы уақытта тағы 2 емхананың құрылысы аяқталмақ, - деген дәрігер Шынтас Зетов аянбай еңбек ету үшін барлық жағдай жасалып отырғандығын жеткізді. 

Форум жергілікті өнерпаздардың ән-шашуымен қорытындыланды. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!