Таразда "Қазақ хандығы" энциклопедиясының тұсаукесері өтеді

Фотография - Таразда "Қазақ хандығы" энциклопедиясының тұсаукесері өтеді

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында "Қазақ хандығы" энциклопедиясының тұсаукесері өтеді

270 0

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында "Қазақ хандығы" энциклопедиясының тұсаукесері өтеді. Ғылыми еңбек ТарМПИ жанындағы Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу орталығында дайындалған. Бұл жөнінде аталған оқу орнының Ақпараттық-имидждік орталығының жетекшісі Жандар Асан хабарлады.

 

Энциклопедияда Қазақ хандығына қатысты ғылыми зерттеулердің нәтижелері барынша молынан енгізілген. Қазақ хандығының тарихында өзіндік із қалдырған хандар, сұлтандар, билер, батырлар, ақындар мен жыраулар және өзге тұлғалар мен тарихи оқиғаларды жан-жақты қамтыған 360-қа жуық мақала, 300-ден астам суреттер мен карталар берілген. Сонымен қатар, Қазақ хандығы тарихын зерттеуге елеулі үлес қосқан ғалымдар жайлы мәліметтер де бар. Энциклопедиялық басылымды даярлау туралы идеяның авторы – Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев, Бас редакторы – ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Дария Қожамжарова.

Аталған шара 2015 жылдың 8 қазан күні сағат 11:00-де өтеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!