Астанада жылыту маусымы басталды

Фотография - Астанада жылыту маусымы басталды

Елорданың 2015-2016 жылғы жылыту маусымында елорданың үздіксіз электр энергиясымен қамтылуы үшін қала шаруашылығын алдағы күз-қыс кезеңіне дайындау бойынша қажетті шаралар жүргізілді.

362 0

Елордада орташа тәуліктік ауа температурасы +10°С градустан төмен деңгейде орнауы салдарынан, бүгін Астана қаласының әкімдігі жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылдады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми порталы.
Астана қаласының жылыту маусымын дайындау және өткізу туралы ережелеріне сәйкес, келесі нысандарға жылу беріледі:

1. балалар, емдеу, білім мекемелері, кәсіби мектептер, әлеуметтік-медицина мекемелері;

2. тұрғын үйлер, жатақхана, қонақүйлер;

3. әкімшілік ғимараттар, оқу ордалары, театрлар;

4. басқа мекемелер.

Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" Заңына, сондай-ақ, Астана қаласындағы жылыту маусымына дайындық және маусымды өткізу туралы ережелерге сәйкес, Астана қаласы мәслихатының 2014 жылдың 27 маусымындағы №249/36-V Қаулысына сай бес күннің жүзінде орташа тәуліктік ауа температурасы +10 °С градустан төмен көрсеткішті құраған жағдайда, Астана қаласының атқарушы органдары жылыту маусымын бастау туралы шешімді қабылдайды.

Сонымен қатар, елорданың 2015-2016 жылғы жылыту маусымында елорданың үздіксіз электр энергиясымен қамтылуы үшін қала шаруашылығын алдағы күз-қыс кезеңіне дайындау бойынша қажетті шаралар жүргізілді.

Қаланы электр қуатымен жабдықтау бойынша. «Астана-Энергия» АҚ (жылу және электр энергияны шығаратын кәсіпорындарды қосқанда) жылу және электр энергияны толықтай беруге дайын.

"Астана-РЭК" АҚ (электр энергияны беретін және тарататын кәсіпорын) бүгінгі күнде жөндеу бағдарламасы аясында:

52 трансформаторлық бекеттер мен пункттерді, 74,6 шақырым электр сымын (оның ішінде: 21,9 км - 0,4 кВ, 18,01 км - 10 кВ, 34,6 км - 110 кВ) күрделі жөндеуден өткізді;

8 тірек және 38 трансформаторлық бекеттердің жылу желісі, 186,1 км жылу желісі (оның ішінде: 27,4 км - 0,4 кВ, 21,02 км - 10 кВ, 137,7 км - 110 кВ) ағымдық жөндеуден өтті.

Қаланы жылумен қамтамасыз ету бойынша. Бүгінгі күнде "Астана-Теплотранзит" АҚ (жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындар) қала әкімдігінің бекітілген режим картасына сәйкес толықтай жылумен қамтамасыз етуге дайын.

Елорданың барлық 50 жылу магистралінде гидравликалық сынақтар аяқталды.

Сондай-ақ, қаланың 6 ауданының қазандықтарында күрделі жөндеулер жүргізілді, дайындығы 100 пайызды құрайды.

Қатты және сұйық отын қорының қажетті мөлшерін жинақтау бойынша. Аталған сұрақ түбегейлі шешілді. 2015-2016 жылдары "Астана-Энергия" АҚ мен "Богатырь Көмір" ЖШС арасындағы 3 млн. тонна көлемінде көмір жеткізу бойынша, оның ішінде ТЭЦ-2 - 2,6 млн. тонн, ТЭЦ-1 - 0,4 млн. тонна көлемінде көмір жеткізуге келісім жасалынды.

Бекітілген ережелерге сәйкес күз-қыс маусымына 20 күндік эксплуатациялық отын қоры қажет: ТЭЦ-1 көмір қоры 34,5 мың тоннаны құрайды (30 тәулікке), ТЭЦ-2 көмір қоры 184,9 мың тоннаны құрайды (20 тәулікке). Мазут қоры ТЭЦ-1 бойынша 8,3 мың тоннаны құрайды, 197 тәулікті құрайды, ТЭЦ-2 - 537 тонна, 38 тәулікті құрайды.

Әлеуметтік сала нысандарының және тұрғын үй қорының дайындығы. Алдағы жылыту маусымына 169 білім беру нысандары, 37 - денсаулық сақтау мекемесі, 15 - мәдени, 2116 - көп пәтерлі тұрғын үй толықтай дайын.

Автономдық жылу беру көздері бар кәсіпорындар бойынша дизель жанармайына қаражат қарастырылды, жылыту маусымына қазандықтар дайындау жұмыстары жүргізілді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!