Бүгін Байқоңырда "Прогресс М-29 М" ғарыш жүк кемесі ұшырылады

Фотография - Бүгін Байқоңырда "Прогресс М-29 М" ғарыш жүк кемесі ұшырылады

Байқоңыр ғарыш айлағында "Союз-У" зымыраны мен "Прогресс М-29М" жүк кемесін ұшыртуға дайындық аяқталып жатыр

271 0

 Байқоңыр ғарыш айлағында "Союз-У"  зымыраны мен "Прогресс М-29М" жүк кемесін ұшыртуға дайындық аяқталып жатыр.

Роскосмостың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ғарыш жүк кемесі ғарыш айлағының №1 алаңына орналастырылды. Зымыран-ғарыш саласының мамандары ұшу алдындағы ұшыру кешенінің жүйелері мен зымыран тасығышты тексеру жұмыстарын аяқтағалы жатыр. Бүгін мемлекеттік комиссия зымыран тасығыштың жанар-жағар май құю мен ұшыртуға дайындығы жөнінде шешім қабылдауы тиіс.

 "Прогресс М-29М" ғарыш жүк кемесін ұшырту 1 қазанға Астана уақытымен сағат 22:49 жоспарланған.  

Жүк кемесі Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) шамамен 2,5 тонна «құрғақ» жүк, жанар-жағар май компоненттерін, су мен газ қорын, сонымен қатар ғылыми тәжірибелерге арналған қондырғыларды жеткізуі тиіс. Сонымен қатар, "Прогресс М-29М" станса құрамындағы түрлі операцияларға, қалдықтарды шығару мен қондырғыларды шығаруға жұмылдырылады, деп атап өтті Роскосмостың баспасөз қызметінен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!