Альберт Рау: "Тамыз айында отандық автокөліктерге сұраныс артты"

Фотография - Альберт Рау: "Тамыз айында отандық автокөліктерге сұраныс артты"

Елімізде отандық автокөліктерге деген сұраныс шiлде айымен салыстырғанда тамызда 119% пайызға өскен

387 0

Елімізде отандық автокөліктерге деген сұраныс шiлде айымен салыстырғанда тамызда 119% пайызға өскен. Бұл туралы бүгін Астана өтіп жатқан Қазақстан Машина жасаушыларының III форумы кезінде ҚР Инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау мәлім етті, деп жазды baq.kz.

– Соңғы кездегі экономикалық жағдайлар машина жасау саласына да айтарлықтай әсер етті. Өздеріңіз білесіздер, Индурстриалды-инновациялық даму бағдарламасының бірінші бес жылдығында импорттың орнын басу маңызды болатын. Біз осы мәселені қолға алдық. Ол оймыз жүзеге асты. Экспортқа шыға отырып, елдегi импорттың орнын басуда көптеген жұмыстар жасалды. Соның бір мысалы ретінде еліміздің теміржол саласын отандық локомотивтермен жабдықталғанын ерекше айта кетуге болады. Алғашқы бес жылдықта машина жасаудың бірнеше секторында экспорттық әлеуетіміз артты. Былтырғы жылы машина жасау саласында 60 миллион АҚШ доллары көлемінде экспорт шығардық. Ал биыл көптеген факторларға байланысты бұл көрсеткіш төмендеп кетті. Әсіресе, Ресей рубль мен  мұнай бағасы құлдырағанда iшкi сұраныс төмендеді. Қазіргі кезде жыл басынан берi сала бойынша төмендеу 29 пайызды құрап отыр. Дегенмен ауызды құр шөппен сүртуге болмайды. Жақсы жаңалықтарымызда бар. Мысалы, шiлде айымен салыстырғанда тамызда өсiм 119%-ды құрады. Бұл Қазақстандағы машина жасау саласы қайтадан қалпына келіп жатқанын көрсетеді, – дейді А.Рау.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!