12 мыңнан астам қазақстандықты осы күзде мерзімді әскери қызметке шақырады

Фотография - 12 мыңнан астам қазақстандықты осы күзде мерзімді әскери қызметке шақырады

Бүгін Қазақстанда "Күз-2015" шақыру кампаниясы басталды

318 0

Бүгін Қазақстанда "Күз-2015" шақыру кампаниясы басталды. Күзгі шақырылыммен Қазақстанның Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына мерзімді әскери қызметке кейінге шақырылуға немесе шақырылудан босатылу құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 12 мыңнан аса қазақстандықты жолдау жоспарлануда.  

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Шақыруды ұйымдастыру және өткізумен  жергілікті әскери басқару органдарымен (әскери комиссариат) бірлесіп жергілікті атқару органдары (әкімдіктер) айналысуда.  Шілде мен қыркүйек аралығында шақыру контингентін зерделеу, шақырылушылармен, олардың ата-аналарымен, олар оқып жүрген және жұмыс атқарып жүрген оқу орындары, кәсіпорын өкілдерімен жеке әңгімелер жүргізілді. Әскери бөлімдер бойынша іріктеу және бөлу кезінде шақырылуға дейінгі болашақ мерзімді әскерилердің алған мамандықтары, денсаулық жағдайы, дене және моральдық-психологиялық дайындығы ескеріледі. Қосымша медициналық куәландыру, яғни, наркологиялық тестілеу, гепатит пен туберкулезге зертханалық зерттеу шаралары көзделген. Әскери бөлімдерді жасақтау эксаумақтық және аумақтық қағидаттар бойынша жүзеге асырылады. Шақыру кампаниясы барысында қазан мен желтоқсан аралығында арнайы "қауырт желі" жұмыс атқаратын болады", - деп жазылған хабарламада. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!