МС Сайлаубек өзінің болашақ жұбайы қандай болуы керектігін айтты

Фотография - МС Сайлаубек өзінің болашақ жұбайы қандай болуы керектігін айтты

Бірде Атыраудың жас жігіт­тері оның ішіп алып, ән орындап­ тұрған сәтін таспаға түсіріп, ғаламтор арқылы та­ратып жіберді. Содан бері оның танымалдығы күн емес, сағат санап арта түсті.

2129 0


Түсініксіз тілде рэп шырқаған соң, танымалдығы артқан МС Сайлаубек өзіне жар болатын қыз іздеуде.

Бұл туралы Замана басылымы жазады.

Ол бала кезінде талантты оқушы, үлгілі бала болатын. Жасөспірім кезінде әлдекім­дердің төбелесіне араласамын деп басынан ауыр соққы ал­ған. Содан бері өмірде жолы болмай, ішімдікке құмартқан Сайлаубектің өзіне ғана түсінікті бір тілде ән айтатын әдеті бар-тын.

Бірде Атыраудың жас жігіт­тері оның ішіп алып, ән орындап­ тұрған сәтін таспаға түсіріп, ғаламтор арқылы та­ратып жіберді. Содан бері оның танымалдығы күн емес, сағат санап арта түсті.

Осылайша әп-сәтте "жұл­дыз" болып шыға келген Сайлаубек бүгінде ішімдікті қойыпты. Тіпті Қырғызстанға барып, бірнеше мәрте жеке шығар­машылық кешін өткізіп келіпті. Енді өте қомақты "гонорар" үшін тойларда өнер көрсетіп жүр екен. Мұны Сай­лау­бектің музыкалық продюсері Жасұлан Ибраев айтып берді.

"Негізі Сайлаубек аяқ астынан, әлдекімдердің келеке-мазақ етіп түсіргісі келген бейнежазбасы арқылы танылып кеткендіктен, бүгінде жұрт оның қай бағытта ән орындайтынын, онымен не айтқысы келетінін дұрыс түсінбей, әртүрлі теріс пікірлер айтылып жатыр. Ал шындығында Сайлаубек өте талантты. Оның даусы, рэп орындау шеберлігі ешкімге ұқсамайды. Біз бүгінде Сайлаубектің же­ке имиджін қалыптастыру үшін барымызды салып жатырмыз. Яғни ол қазір арақ ішуді тоқтатқан. Сырт келбетін жақсарту үшін арнайы сән салондарына барып, бет-әлпетіне күтім жасатып тұрады. Қай жерде қалай сөйлеу керек, қай жерге барғанда қалай киіну керектігін де үйретіп жатырмыз", – дейді Жасұлан.

Соңғы бірнеше айдан бері Сайлаубекті той-жиындарға шақы­рушылардың қатары артып келеді. Ол Алматыдағы үлкен алаңда "Гәкку дауы­сы" фестивалінде өнер көрсетті. Одан бөлек Қырғызстанның Бішкек қаласында, Таразда, Атырауда жеке кон­церттерін беріп үлгерді. Соған сәйкес материалдық жағдайы да жақсарып қалды. Қазір Аты­раудағы туған-туыстарына да қолынан келген көмегін беріп жатыр.

Бүгінде рэпер бірнеше ән жаздырып, репертуарын толықтыруда. Алдағы уақытта эстрадада жүр­ген бірнеше әншімен дуэт жазылуы да мүмкін.

Биыл тұп-тура 40 жасқа тол­ған Сайлаубек әлі күнге дейін үйленбеген. Енді өзіне адал жар болатын аруды із­деудің қамына кірісіпті. Про­дюсерінің айтуынша, Сайлаубекке кіші­пейіл, қарапайым, ер-азаматты қадірлей білетін қыз керек екен. Үйленсе, тойына белгілі рэп орындаушысы Тиматиді шақыратын болыпты. Айтпақшы, Тимати ұсыныс білдірген «батл» таяу күндерде өткізілетін көрінеді.


Тегтер:

МС Сайлаубек

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!