Қарттарға құрмет көрсетті

Фотография - Қарттарға құрмет көрсетті

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында Егде адамдар күніне және Ұлттық ұлан 5449 әскери бөлімінің құрылғанына 49 жыл толуына орай салтанатты шара өтті

294 0

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында Егде адамдар күніне және Ұлттық ұлан 5449 әскери бөлімінің құрылғанына 49 жыл толуына орай салтанатты шара өтті.Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады. 

 Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы ардагерлер кеңесіне жүздеген ардагер мүше. Олардың ішінде ондаған Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері, Ішкі әскер ардагерлері бар. Олардың барлығы қарттықтың қиындығына мойымай, әскери бөлімдердің тыныс-тіршілігіне белсенді араласуда. Жеке құрамға әскери-патриоттық тәрбие беру, жас сардарларға жол сілтеу, бағыт-бағдар беру, қызметтік-жауынгерлік міндетті сапалы орындауға жұмылдыру ісінде ардагерлердің орны ерекше. Сарбаздар мен сардарлар ардагер ақсақалдарға қамқор көңілдері үшін алғыс білдірді. Жарты ғасырға жуық тарихы бар 5449 әскери бөлімі арнайы моторландырылған батальоннан бүгінде Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының басқармасы деңгейіне дейін өсіп отыр. Әр жылдары бөлім жауынгерлері жауапты тапсырмалар орындап, мемлекеттік наградаларға ие болған. Бүгінде өңірлік қолбасшылық құрамына Алматы қаласы және облысы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында орналасқан 11 әскери бөлім кіреді. Салтанатты шарада ардагерлерге әскери бөлімдердің көркемөнерпаздар ұжымы концерттік бағдарлама ұсынып, Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы ардагерлер кеңесі мен басқармасы атынан сый-сыяпат жасалды. Сонымен қатар, 5449 әскери бөлімнің құрылған күніне орай үздік әскери қызметшілер марапатталды.

.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!