Астанада жыл басынан бері 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Фотография - Астанада жыл басынан бері 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Астана қаласында ағымдағы жылдың 1 қазандағы жағдайға қарағанда 13 614 жаңа жұмыс орны ашылды.

268 0

Астана қаласында ағымдағы жылдың 1 қазандағы жағдайға қарағанда 13 614 жаңа жұмыс орны ашылды.

Бұл туралы елорда әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Соның ішінде: өнеркәсіп саласында - 1 076, көтерме және бөлшек сауда, авто және мотоциклдер жөндеу - 3 211, көлік және қоймалау - 859, білім және денсаулық сақтау салалары - 2 260, құрылыс - 2 048 жұмыс орыны ашылса, 4 160 жаңа жұмыс орны экономикалық қызметтің басқа түрлерінде пайда болған.

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 9 ай қорытындысы бойынша Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы 4 488 адамды жұмысқа орналастырды.

Жастар тәжірибесін өтуге 551 түлек және жаңа мамандық меңгеру мақсатында 609 адам қайта даярлауға бағытталды.

Сондай-ақ, 114 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!