Ескі техникамен жер жыртып, мол өнім алу мүмкін емес

Фотография - Ескі техникамен жер жыртып, мол өнім алу мүмкін емес

Бүгін Қазақстанның машина жасаушылар форумына қатысып жатқан ауыл шаруашылығын зерттеу институтының мамандары еліміздегі ауылшаруашылық техникаларына талдау жасады.

373 0

 Бүгін Қазақстанның машина жасаушылар форумына қатысып жатқан ауыл шаруашылығын зерттеу институтының мамандары еліміздегі ауылшаруашылық техникаларына талдау жасады.

- Бүгінгі таңда ауылшаруашылық саласындағы жер жыртып және өңдеп жүрген техникалардың сапасы сын көтермейді. Бір ғана мысал айтайын, қазір КСРО кезінде шығарылған Т-175, ДТ-75, К-700, К-701 секілді егіс алқабын бабында жыртып, жер өңдеуге арналған кәсіби техникалардың заманы өтті. Бұлар осы саладағы қызметті атқаруға арнап шығарылған нағыз қажетті машиналар болатын. Ал, бұл күнде олардың орнын баламалы әлсіз тракторлар басқан. Айталық, МТЗ-80 және МТЗ-82 сынды техникалар. Өкінішке қарай, бұлар жыртқан жерден мол өнім ала алмайсың. Өйткені, үш корпусты соқа тіркеуге әлеуеті жететін бұл тракторлар жерді 17-18 сантиметр тереңдікте ғана жыртады" дейді Қазақстан ауыл шаруашылығы саласының электрофиксациясы және механизациясы ҒЗИ бас директорының орынбасары Асқар Рзалиев. 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!