Алматыдағы қоғамдық көліктерде енді қолма-қол ақша төленбейді

Фотография - Алматыдағы қоғамдық көліктерде енді қолма-қол ақша төленбейді

2015 жылдың 1 қазанынан бастап мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы қаласының қоғамдық көліктеріне "Оңай" электрондық төлеу жүйесі енгізіледі.

1974 0

2015 жылдың 1 қазанынан бастап мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы қаласының қоғамдық көліктеріне "Оңай" электрондық төлеу жүйесі енгізіледі. Қала әкімдігі журналистерге "Оңай" картасын алып, қалай пайдалану керектігін көрсетіп берді. Бұл туралы nur.kz хабарлайды.

"Құрылғы КАП-1 автобустарына орнатылып қойылған. Олар біртіндеп барлық өзге автобустарға орнатылатын болады. Ал 2016 жылдың қаңтарынан бастап жолақыны төлеу тек электронды карта түрінде ғана жүзеге асырылады. Картаның бірнеше түрі бар – әлеуметтік, зейнеткерлік, мектептік, студенттік және қарапайым", – дейді Алматыдағы Транспорттық холдингтің директоры Серік Жұмабеков.

883A1891

"Құрылғы КАП-1 автобустарына орнатылып қойылған. Олар біртіндеп барлық өзге автобустарға орнатылатын болады. Ал 2016 жылдың қаңтарынан бастап жолақыны төлеу тек электронды карта түрінде ғана жүзеге асырылады. Картаның бірнеше түрі бар – әлеуметтік, зейнеткерлік, мектептік, студенттік және қарапайым", – дейді Алматыдағы Транспорттық холдингтің директоры Серік Жұмабеков.

Карта барлық транспорт түрлеріне жарамды болады – метро, автобус, трамвай, троллейбус.

Картаны алматылықтар аялдама маңынан, әуежайлардан, автобус және теміржол вокзалдарынан, метрополитен кассаларынан сатып ала алады. Картаны қалай қолдану керектігінің нұсқаулығы бірге беріледі. Картаның құны – 400 теңге. Оның 320 теңгесі – кепілдік сома, ал 80 теңге – бір жолға жолақысы. Чек болған жағдайда картаны қайта өткізіп, ақшаны кері қайтарып алуға болады.

883A2044

"Бүгін Транспорттық холдинг әлеуметтік қорғалмаған топтарға картаны тегін таратуда. Атап айтқанда, студенттер, зейнеткерлер. Мұндай карталардың бәрі фотомен жекелеп таратылады. Тарату бүгіннен бастап, екі айдың ішінде аяқталуы керек", – дейді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ильин Юрий Викторович.

883A2014

Әлеуметтік топтарға арналған картада адамның аты-жөні мен фотосы қоса көрсетіледі. Ал қарапайым картаны өз атыңа www.onay.kz сайтында тіркеуге болады. Картаның бірлігін QIWI терминалы арқылы толықтыра аласыз.

883A1896

"Қолма-қол төлеу толықтай 1 қаңтардан бастап тоқтайды деп күтудеміз. Ең шекті мерзім – желтоқсан айы. Бұл барлық траснпорт лектерін бақылап, оның нақты кірісін қадағалауға мүмкіндік береді. Жолақысын төлемей кеткендерді арнайы қадағалайтын бақылаушылар болады", – дейді Юрий Викторович.

883A1885

Осылайша "Оңай" картасы барлық тұрғындарға, тіпті туристерге де қоғамдық көлікке міну үшін міндетті шартқа айналады. Елден кететіндер немесе одан әрі картаны пайдалануды қажет етпейтіндер чек болған жағдайда картаның құнына кеткен қаражатты кері қайтарып ала алады.

Карта бойынша шағымдар туындаса холдингтің колл-орталығына хабарласу мүмкіндігі бар.

883A1873

Терминалдарды барлық қоғамдық көліктерге орнату ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін аяқталуы керек.

883A1867

Қаржылық жағына тоқталған әкімнің орынбасары Юрий Ильин "Оңай"жобасына қала бюджетінен бір тиын ақша кетпегенін алға тартты. Барлығы жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылып, жоба өз құнын 5-7 жылда шығарады деп күтілуде. Ал бюджетке тасымалдаушының салық мөлшері ғана түсіп отырады. Әкімдік бұл жобадан пайда табуды көздемейді.

883A2001

Ал жол жүру билеттеріне келетін болсақ, олар тоқтатылып, таяу уақытта енгізіле қоймайды.

"Бүгінде тарифтер бекітілген, біз солардың шеңберінде ғана жұмыс істейміз. Қазіргі уақытта жол жүру билеттері тоқтатылуда. Толыққанды статистиканы жарты жылда немесе бір жыл ішінде ала салысымен, жаңа тарифтер енгізілетін болады. Біз кез келген төлем түрін енгізе аламыз. Мәселен айына, күніне, не болмаса жолдың ұзақтығына қарай. Яғни қала ішінде бір төлем, ал қала шетіне дейін өзге төлем", – дейді Алматы Транспорттық холдинг директорының орынбасары Смирнов Владимир Александрұлы.

Айта кетерлігі, карта сатылымға шыққан алғашқы үш сағаттың ішінде 870 данасы сатып алынды.


Тегтер:

Алматы Оңай

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!