Астанада жыл басынан бері 13 мыңнан аса жұмыс орны ашылды

Фотография - Астанада жыл басынан бері 13 мыңнан аса жұмыс орны ашылды

Астана қаласында ағымдағы жылдың 1 қазандағы жағдайға қарағанда 13 614 жаңа жұмыс орындары ашылды.

336 0

Астана қаласында ағымдағы жылдың 1 қазандағы жағдайға қарағанда 13 614 жаңа жұмыс орындары ашылды. Соның ішінде: өнеркәсіп саласында – 1 076, көтерме және бөлшек сауда, авто және мотоциклдер жөндеу – 3 211, көлік және қоймалау – 859, білім және денсаулық сақтау салалары – 2 260, құрылыс – 2 048 жұмыс орыны ашылса, 4 160 жаңа жұмыс орыны экономикалық қызметтің басқа түрлерінде пайда болған.

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 9 ай қорытындысы бойынша Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы 4 488 адамды жұмысқа орналастырды.

Жастар тәжірибесін өтуге 551 түлек және жаңа мамандық меңгеру мақсатында 609 адам қайта даярлауға бағытталды.

Сондай-ақ, 114 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.

astana.gov.kz 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!