Астанада Қарттар күні аталып өтуде

Фотография - Астанада Қарттар күні аталып өтуде

Халықаралық қарттар күні БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 25 жыл бұрын бекітілген. Халықаралық қарттар күні 1 қазан күні аталып өтеді.

274 0

Астанада Халықаралық қарттар күніне орай ардагерлердің қатысуымен мерекелік шара өтті.  Астана қаласы әкімдігінің алдындағы алаңда жүзге жуық денешынықтыру мен спорт сүйер қауымының қатысуымен "Ардагерлер салауатты өмір салты үшін" атты флешмоб өткізілді. Шара аясында елордалық ардагерлер кеңесінің өкілдері, еңбек ардагерлері, зейнеткерлер фитнес нұсқаушысының жетекшілігімен дене шынықтыру жаттығуларын жасады.

Астана қаласы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен бұл шара ешкімді бейжай қалдырмады.

Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Сыздықовтың айтуынша, шаралардың барлығы қариялардың тұрмысы мен өмір-тіршілігіне көп көңіл бөлуге, қосымша жағдай мен қызмет көрсетуге бағытталған. А. Сыздықов, сонымен қатар, еліміздің барлық қарияларын осы айтулы күнімен құттықтап, бар жықсылықты тіледі.

Таңғы жаттығуға қатысқан барлық зейнеткерлер М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында өткен концертті тамашалауға да мүмкіндік алды.

Айта кетейік, Халықаралық қарттар күні БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 25 жыл бұрын бекітілген. Халықаралық қарттар күні 1 қазан күні аталып өтеді.

Сондай-ақ, бүгін Ардагерлер ұйымының белсенділері ҰОС ардагерлерінің, зейнеткерлердің үйлерін аралады. Қарттар күніне орай «Алматы» ауданының әкімдігі ауданға қарасты Ардагерлер ұйымы және кәсіпкерлермен бірлесіп 150 зейнеткерге, соның ішінде ҰОС және тыл еңбеккерлеріне арнап қайырымдылық ас берді.

Бұдан бөлек, бұл күні шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және басқа да халықтық ойындардан шағын орталықтарда жарыстар өткізілді.  Бүгін, сондай-ақ, "Жастар" сарайының киноконцерттік залында, сағат 19.00-де елорданың ҰОС ардагерлері мен зейнеткерлеріне арналған мерекелік концерт өтіп жатыр.

 

astana.gov.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!