Шымбұлақ ТМД елдері арасында ең танымал курорт атағына ие болды

Фотография - Шымбұлақ ТМД елдері арасында ең танымал курорт атағына ие болды

Қазақстандағы Шымбұлақ тау-шаңғы базасы ТМД елдері арасындағы ең танымал курорт мәртебесіне ие болды. Ресейлік туристердің көпшілігі жаңажылдық демалысты осы жерде өткізгенді қалайды екен

553 0

 Қазақстандағы Шымбұлақ тау-шаңғы базасы ТМД елдері арасындағы ең танымал курорт мәртебесіне ие болды. Ресейлік туристердің көпшілігі жаңажылдық демалысты осы жерде өткізгенді қалайды екен. Дегенмен, бағасы жағынан Шымбұлақ дәл осы ТМД елдері арасында ең қымбат демалыс орындарының бірі, деп жазды baq.kz .

Іле Алатауындағы осынау орталыққа келіп бір күн демалу үшін 95 долларға шығындалу керек. Бұл қаражатқа тек ортаңқол қонақ үйлердің біріне түнеп, кешкі тамақ іше аласыз. Туристерді бірақ оның бағасы емес, орналасқан жері қатты қызықтырады. Мұндағы шаңғы трассалары кәсіпқой шаңғышылар мен экстремалдардың жоғары бағасын алған.

Осылайша, Шымбұлақ армяндар мен белорустердің, қырғыздардың және грузиндердің курорттарын басып озды. Ең туристі көп ел саналатын ресейліктер Қазақстанға кіріп-шығу оңай болғандықтан да еліміздегі демалыс орындарын жиі таңдайды екен. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!