Астана маңындағы елді мекендерге жаңа бағдар бойынша 6 автобус қатынайтын болды

Фотография - Астана маңындағы елді мекендерге жаңа бағдар бойынша 6 автобус қатынайтын болды

3 қазаннан бастап, Астанада қала маңында қатынайтын 6 автобус бағдары іске қосылады. Бұл туралы бүгін журналистерге арналған баспасөз мəслихатында "Астана LRT" компаниясының баспасөз хатшысы Айгүл Жамалова мəлім етті

367 0

3 қазаннан бастап, Астанада қала маңында қатынайтын 6 автобус бағдары іске қосылады. Бұл туралы бүгін журналистерге арналған баспасөз мəслихатында "Астана LRT" компаниясының баспасөз хатшысы Айгүл Жамалова мəлім етті. 

"3 қазаннан бастап, Астанада қала маңында қатынайтын 6 автобус бағдары іске қосылады. Қала маңында қатынайтын жаңа автобустар Тайтөбе, Қосшы, Жібек жолы, Талапкер, Қоянды, Воздвиженка кенттеріне барады",-деп хабарлады А.Жамалова. 
Яғни, ертеңнен бастап, Астана-Тайтөбе арасында нөмірі 302 автобус (жолақы мөлшері 150 теңге), Астана-Қосшы арасында 303 автобус (жолақы 130 теңге), Астана-Жібек жолы арасында 304 автобус (жолақы 160 теңге), Астана-Талапкер арасында 306 автобус (жолақы 120), Астана-Қоянды арасында 307 авобус (жолақы 100 теңге), Астана-Воздвиженка арасында 311 автобус (жолақы 140 теңге) жүретін болды.

Қала маңындағы автобустардың жолақысы бұрын бірдей болатын. Бұл өзгерістер туралы айта келе, компанияның баспасөз хатшысы сондай-ақ қала маңындпғы автобустарда тек 15 жасқа дейінгі балалар жеңілдікпен жүретінін жəне айлық жолақы билеті жарамсыз екенін жеткізді.

"Аталған бағдарларда жолақы мөлшері Инвестиция жəне даму министрлігімен бекітілген есептеу əдістемесіне сай белгіленді. Осы əдістемеге сай, бір шақырым жолға 6,6 теңге шақталып отыр. Қала маңында қатынайтын бағдарларда жеңілдігі бар азаматтардың жеңілдікпен жүруі қарастырылмаған. Сондай-ақ, айлық жолақы билеттері де жарамсыз. Тек, 15 жасқа толмаған оқушылар үшін 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған",-деп мəлім етті А.Жамалова.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!