Астанада жыл басынан бері 10 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді

Фотография - Астанада жыл басынан бері 10 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді

Барлығы жыл басынан бері 1 миллион 198 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 10 895 пәтерді құрайды және өткен жылдың көрсеткіштерінен 75 пайызға артық.

248 0

Бүгінгі таңда Астана қаласында жыл басынан бері 10 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткенде баспасөз мәслихатында Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун мәлімдеді.

– Шілде айынан бастап қаланың тұрғын үй қоры 300 мың шаршы метрге ұлғайған. Барлығы жыл басынан бері 1 миллион 198 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 10 895 пәтерді құрайды және өткен жылдың көрсеткіштерінен 75 пайызға артық. Бұл уақыт аралығында елордада апатты жағдайдағы үйлерді сүру бойынша пилотты жоба асында 28 тұрғын үй сүріліп, тұрғындар 328 қайтарымсыз пәтерге ие болды, - деді С. Хорошун.

Оның айтуынша, «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында жыл басынан бері 228 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Астана үй құрылысы бойынша елімізде бірінші орында тұр. Қазіргі уақытта 210 көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізілуде. Жобалау сатысында 551 нысан бар.

astana.gov.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!