Түлкібастың шаруалары бассейн бетінде құлпынай өсіруде

Фотография - Түлкібастың шаруалары бассейн бетінде құлпынай өсіруде

Түлкібас ауданындағы балық өсіретін зауыттың мамандары бекіре балығын ұстайтын бассейндердің үстіне құлпынай өсіруде

121 0

 

Түлкібас ауданындағы балық өсіретін зауыттың мамандары бекіре балығын ұстайтын бассейндердің үстіне құлпынай өсіруде. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Алдымен шаруалар астында балығы бар бассейн үстіне тәжірибе ретінде құлпынайдың жергілікті көшетін отырғызып, одан екі аптада 6 келіге дейін өнім жинаған. Жылыжай әдісімен егілген жеміске арнайы топырақта салынбайды. Оның тамырының астынан үнемі ылғал келіп тұрады. Ол үшін бассейннің үстіне арнайы пластикалық тақтайшалар төселіпп, ылғал өтетіндей етіп тескен. Болашақта өнімділігі жоғары жаңа сұрып егіп, одан жыл он екі ай өнім алуды жоспарлап отыр. Осылайша түлкібастық шаруалар жаңа тәсілді дамытып, өнімді көбейтпек. Аталған шаруашалықта бүгінде 40 тонна бекіре балығы мен форель балықтары өсірілуде. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!