Мектеп бағдарламасына жаңа пән қосылатын болды

Фотография - Мектеп бағдарламасына жаңа пән қосылатын болды

Еліміздің мектептерінде келер жылдан бастап ортақ түркі тарихы оқытылатын болады

188 0

Еліміздің мектептерінде келер жылдан бастап ортақ түркі тарихы оқытылатын болады. Бұл туралы бүгін Елордада Қазақстан тарихшыларының ІІІ конгресінде Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі айтты, деп жазды baq.kz.

«Бүгінгі күнге дейін түркі әлемінің тарихының көп бөлігін Түркия елі зерттеп келген болатын. Енді біз де Ебасының бастамасымен түркі әлемінің ортақ тарихын әзірледік. Қазір 8 сыныпқа арналған оқулығы дайын тұр. Концепциясын тұжырымдап, Білім министрлігінің кеңесінде бекіттік. Ортақ түркі тарихы ежелгі дәуірден бастап, ХҮ ғасыр аралығын қамтиды. Біздің он бесінші ғасырға дейін алған себебіміз, ол кезде Қазақ хандығы және басқа да хандықтар құрыла бастады. Басқа түркі халықтарымен талас-тартыс туғызбас үшін, он бесінші ғасырға дейін жасадық. Оқулық он бөлімнен тұрады. Біз түркілердің адамзат тарихына қосқан үлесін нақты, тайға таңба басқандай етіп көрсеттік. Өзіміз дайындағаннан кейін, осы ұлы даланың тарихына көп бердік. Бұл оқулық тек елімізде ғана емес, Әзірбайжан, Түркия, Қырғыстан мемлекеттерінде оқытылады», - деді Д.Қыдырәлі.

Оның айтуынша, аталған оқулықпен танысып шыққан Венгрия ғалымдары осынау еңбекке қызығушылық танытып, өз тілдеріне аударуға ниеттеніп отырған көрінеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!