Коммуналдық салада заңсыз қызмет көрсеткен 200-ге жуық кәсіпорын анықталды

Фотография - Коммуналдық салада заңсыз қызмет көрсеткен 200-ге жуық кәсіпорын анықталды

Дәл сондай тіркелімге енгізілмеген субъектілердің қызметтерді іске асыру фактілері Алматы (20), Батыс Қазақстан (20), Ақтөбе (3), Қарағанды (2), Шығыс Қазақстан (1) облыстарында және көлік саласында (146) анықталды.

322 0

 Прокуратура органдары соңғы үш жылда коммуналдық саладағы тарифтерді бекіту кезінде табиғи монополиялар туралы заңнаманың қолданылуына тексеріс жүргізді. Нәтижеде белгіленген тәртіпте тарифтерді бекітпей халыққа қызмет көрсеткен 200-ге жуық кәсіпорын анықталды. Бұл туралы Бас Прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Тексеріс барысында уәкілетті органдардың қызметі, сондай-ақ коммуналдық қызметтерді көрсететін субъектілер қамтылған.

Жүргізілген тексеріс шараларының қорытындысы бойынша белгіленген тәртіпте тарифтерді бекітпей халыққа қызмет көрсеткен 200-ге жуық кәсіпорын анықталды.

Мысалы, Жетіген ауылында (Алматы облысы, Іле ауданы) 950 абонентке қызмет көрсететін «Жетіген» ЖК сумен жабдықтау және су тарту қызметтерін ұсыну бойынша әрекеттерді жүзеге асырады. Алайда ЖК жергілікті Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімі бөлімінде тіркелмеген, осының салдарынан бекітілмеген тарифтермен өз қызметтерін көрсетерде ол табиғи монополиялар туралы заңнаманың талаптарын бұзу мүмкіндігіне ие болып отыр.

Дәл сондай тіркелімге енгізілмеген субъектілердің қызметтерді іске асыру фактілері Алматы (20), Батыс Қазақстан (20), Ақтөбе (3), Қарағанды (2), Шығыс Қазақстан (1) облыстарында және көлік саласында (146) анықталды.

Тарифтік сметалар мен инвестициялық міндеттемелердің орындалуын тексеру кезінде 40-қа жуық субъектілердің 3 млрд. теңгеден астам сомаға коммуналдық қызметтерге тарифтерді негізсіз көтеріп жіберу бұзушылықтары анықталды.

Осылайша, "Таусамалы" коммуналдық кәсіпорны (Алматы облысы) сумен қамтамасыз ету бойынша асырылып жіберілген тарифтермен қызметтер көрсеткен. Тек 66 күн ішінде кәсіпорын 1,8 млн. теңге көлемінде негізсіз пайда тапқан. Прокуратураның актісі бойынша өтемдік тариф орнатылды.

Қарағанды облысының Кеңгір ауылын сумен жабдықтау қызметін ұсыну кезінде 27,2 млн. теңге сома көлемінде негізсіз пайда тапқан «Қалалық автожолдарды басқару" ҚМК-нің тарифін қайта қарау туралы мәселе қойылды.

Жалпы, 1 млн. тұтынушының тарифін қайта есептеу және шығынын қайтару, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілері мен доминанттарды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы талаптарымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне анықталған заң бұзушылықтар жөнінде ұсыныс енгізілді. 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!