Алматыда қонақ үйлердің рейтингі жасалды

Фотография - Алматыда қонақ үйлердің рейтингі жасалды

Зерттеу жұмыстарын Қазақстанның қонақ үйлері мен мейрамханалары Қауымдастығы биылғы жылы 15-ші маусымнан 15-ші қыркүйек аралығында жүргізген.

393 0

Бүгін Алматыда ең үздік қонақ үйлерді марапаттау рәсімі болып өтті. Бұл шара қалалық туризм басқармасының жүзеге асырып жатқан "Алматының мейманханалық қорын зерттеу және орналастыру орындары" жобасы аясында ұйымдастырылды.
"Біз бұл зерттеу арқылы қалада қанша орналастыру орындары бар екендігін және олардың дайындық деңгейінің қандай екендігін білгіміз келді. Туризм басқармасы тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған бұл жоба 2017 жылы елімізде болатын екі ірі шараға бағышталып отыр. Олар қысқы Универсиада мен Экспо халықаралық көрмесі. Екінші шара Астанада өтетін болса да, Алматыға да туристер келеді деп отырмыз", - деді өз сөзінде  Алматы қалалық Туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Любовь Бұрымбаева.

Зерттеу жұмыстарын Қазақстанның қонақ үйлері мен мейрамханалары Қауымдастығы биылғы жылы 15-ші маусымнан 15-ші қыркүйек аралығында жүргізген. 

"Біздің алдымызға осы саладағы нақты жағдайды анықтау міндеті қойылды. Сөйтіп, біз жалпы деректерді жүйелеу құралы ретінде рейтинг жүйесін пайдаландық. Бұл жерде көзбен шолу және "Жасырын сатып алушы" әдістерін қолдандық. Яғни, комиссия мүшесі уақытша тұрушы ретінде қонақ үйден орын алады. Рейтингті сегіз көрсеткіш бойынша жасалды. Олардың ішінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қызмет көрсету номенклатурасы, мәлім етілген санатты растайтын сертификаттың болуы және басқа да рейтингтер бар", - деді Қауымдастық кеңесінің мүшесі Наталья Сергеенкова.

Оның айтуынша, зерттеу бойынша 165 нысан қамтылған. Солардың ішінде қазіргі таңда 140 қонақ үй жұмыс істейді. Ал жетеуінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Солардың ішінде 66 қонақ үйдің жұлдыздық дәрежесі белгіленбеген. Одан басқа 10 қонақ үйдің басшылығы комиссия мүшелерін кіргізуден үзілді-кесілді бас тартты. Ал комиссия құрамында қонақ үй бизнесімен айналысатын адамдар жоқ. Яғни, әділдік болулы үшін қала әкімдігінің өкілдері, әуе желілерінің мамандары және мейрамхана саласында оқитын студенттер енгізілді", - деді Н. Сергеенкова.

Сонымен, "Хостелдер" аталымы бойынша Nomad guest house үйі ең жоғары балға ие болды. Жұлдыздық дәрежесі жоқ қонақ үйлер арасында "Алма" қонақ үйі бірінші орын алды. "Төрт жұлдызды қонақ үй" аталымы бойынша  Worldhotel Saltanat, ал бес жұлдызды және одан жоғары дәреже бойынша   The Ritz-Carlton Almaty қонақ үйі ең жоғары балл жинады. 

Сонымен қатар, туризм басқармасының өкілі мұндай зерттеулердің қонақ үйлердің жұмысына оң әсер ететіндігін және зерттеу деректері баспасөз беттерінде жарияланатындығын баса айтты. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!