Пайғамбардың сақал шәрифі Көкшетаудағы мешітке әкелінді

Фотография - Пайғамбардың сақал шәрифі Көкшетаудағы мешітке әкелінді

Бүгін Пайғамбардың сақал шәрифі Көкшетаудағы Науан Хазірет мешітіне әкелінді.

274 0

Бүгін Пайғамбардың сақал шәрифі Көкшетаудағы Науан Хазірет мешітіне әкелінді.

 

Еске сала кетсек, Ислам әлемі үшін қастерлі де асыл құндылық саналатын Пайғамбардың сақал шәрифі өткен жылы Атбасар өңірінен табылған еді.

Өз бабаларынан аманаттап, көздің қарашығындай сақтап келген 85 жастағы Фәтима әжеміз осы бір асыл жәдігерді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына тапсырған еді. 

Мүбәрак бір тал қара сақалдың пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) тән екенін айғақтайтын арнайы 8 мөр басылған тарихи құжаты да бар. Онда: «Мұхаммед пайғамбардың бір тал сақалы 1956 жылдың 12  қыркүйегінде Меккеге жиналған мұсылман қауымының қатысуымен Шейх Ахмаддинге берілген болатын. Мен бұл мүбәрак сақалды 1921 жылы март айында Иуртеке қажыдан алдым.  Алған адамның аты - Бөкей қажы Сандыбайұлы. Бөкей қажы қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Әбдібек алды. Бөкей қажының қайтыс болған жылы 1924 жылдың ақпан айы», - делінген.

Діни басқарманың ғалымдары осы құжатты қазақ және орыс тілдеріне аударған екен. Сауд Арабиясының бір топ сарапшылары да пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сақалы екенін растапты. Бір тал сақал шыны ыдыстың ішіне сақталып, екі жағы күміспен күптелген. Ұзындығы 3 сантиметрді құрайды

Міне, осы бір баға жетпес жәдігер жаңадан салынған Науан хазірет мешітіне әкелініп отыр.

Ақмола облысы бойынша бас имам Қанат Қыдырмин баға жетпес жәдігерді қастерлеп, сақтап келген әжеге алғысын білдіріп, Меккеге барып қайтуға жолдаманы тапсырды,  сондай-ақ, әжеміз отбасымен бірге Бурабайдағы сауықтыру орнында ем-шипа алатын болды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!