Павлодарда 3D картасы бар онлайн-анықтама пайда болды

Фотография - Павлодарда 3D картасы бар онлайн-анықтама пайда болды

Павлодарда жаңа картографиялық сервис - 2ГИС іске қосылды. Аталмыш жоба облыс орталығымен бірге жақын жатқан 30 шақты елді мекен мен Ақсу қаласын қамтиды.

475 0

Павлодарда жаңа картографиялық сервис - 2ГИС іске қосылды. Аталмыш жоба облыс орталығымен бірге жақын жатқан 30 шақты елді мекен мен Ақсу қаласын қамтиды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл - қаладағы барлық мекеме-ұйымның 3D картасы бар онлайн-анықтама. Картамен жұмыс істейтін сервис қолданушылары іздеген ұйымдарын тауып, жеке және қоғамдық көліктерде түрлі бағыттар бойынша қозғала алады. Анықтамада автобустар мен трамвайларды, маршруттық таксилерді есептемегенде, қаладағы көліктердің 50-ден астам бағыты туралы ақпарат бар. 

Компанияның баспасөз хатшысы Максим Бугаевтың айтуынша, 2ГИС - он жылдан астам тарихы бар, әлемнің сегіз елінің 280-нен астам қаласын қамтитын картографиялық сервис. Бұл мемлекеттердің ішінде Қазақстан, Ресей, Италия, Украина, Чехия, Чили, Біріккен Араб Әмірліктері, Кипр бар. Қазақстанда сервис Павлодардан басқа, Ақсу, Астана, Алматы, Өскемен, Қарағанды, Теміртау қалалары мен жақын орналасқан кенттерді қамтиды. Біздің елімізде 2ГИС 2gis.kz мекенжайы бойынша және компьютер, мобильді қосымшалар түрінде қолжетімді. 2ГИС павлодарлық кеңсесінің қызметкерлері үнемі анықтамалық ақпарат пен картографиялық мәліметтерді жинақтайды. 

 


Тегтер:

Павлодар 2ГИС

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!