Депутат еліміздегі той кортеждерін заңдастыруды ұсынды (Бейне)

Фотография - Депутат еліміздегі той кортеждерін заңдастыруды ұсынды (Бейне)

Соңғы кездері қызу талқыланып жатқан той кортежі туралы мәселеге қатысты депутаттың өз айтары бар.

456 0

ОҚО-да мәслихат депутаты Аманулла Рахманқұл той кортеждерін заңдастыруды ұсынды. Бұл туралы Отырар арнасына сілтеме жасап nur.kz хабарлайды.

Соңғы кездері қызу талқыланып жатқан той кортежі туралы мәселеге қатысты депутаттың өз айтары бар. Ол жастарға көңіл көтеруге шектеу қоймай-ақ, бәрін заң жүзінде өткізуге болатынын айтады.

"Демалыс күндері көлік жүргізу қиындап кетеді. Той кортеждері жолды жауып тастап, апатқа соқтыратын оқиғаларға себеп болады. Сондықтан, жастар мен ата-аналар МАИ қызметкерлерінің көмегіне жүгініп, өздерін бақылап жүретін көлік бөлінуін талап етсін. Егер ақысын төлейтін болса, бұл да үлкен пайда болар еді", – дейді депутат.

Еске сала кетейік, жақында Астана және Алматы қалаларында той кортежі жолды жауып тастап, желі қолданушыларының наразылығын тудырған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!