Елордалық полицейлер "Нелегал" алдын алу шарасын өткізді

Фотография - Елордалық полицейлер "Нелегал" алдын алу шарасын өткізді

Елорда аумағында "Нелегал - 2015" республикалық жедел алдын алу шарасының екінші кезеңі аяқталды деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

176 0

 

Елорда аумағында "Нелегал - 2015" республикалық жедел алдын алу шарасының екінші кезеңі аяқталды деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

"Нелегал - 2015" іс-шараның мақсаты – заңсыз көші-қон әрекетіне қарсы тұру, заңсыз келген шетел азаматтарын анықтау, жұмыс орындарында заңсыз орналасқан шетел азаматтарын анықтау болып табылады. Жедел алдын алу шарасы аясында заңсыз келушілердің уақытылы мекенжай орындары тексерілді, құрылыс нысандары, жертөле орындары, сондай-ақ, азаматтардың көп шоғырланған орындары – автотұрақтар, саяжай алаптары, өндірістік аймақтар.

- ҚР аумағына заңсыз өткені үшін 700-ге жуық шетел азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, көші-қон заңын бұзғаны үшін 424 шетел азаматының мекендеу мерзімі қысқартылды, Астана қаласының ІІД қабылдап-тарату мекемесіне 174 азамат жіберілді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 500 шетел азаматы ҚР көші-қон заңын бұзған үшін елден шығарылды, – деді Астана қаласының ІІД Көші-қон полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Гүлвира Дөненбаева.

Бұдан бөлек, сотқа дейінгі тексеру бойынша ҚР аумағына заңсыз өткені үшін шетел азаматтарына қатысты 18 қылмыстық іс қозғалды. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!