Алматы әкімі қай жерде тұрады?

Фотография - Алматы әкімі қай жерде тұрады?

Алматы тұрғыны Бейбіт Әлібеков қала әкімі Бауыржан Байбекпен көрші тұратынын айтты. Ол әкімнің күн тәртібін ел назарына салды.

422 0

Алматы тұрғыны Бейбіт Әлібеков қала әкімі Бауыржан Байбекпен көрші тұратынын айтты. Ол әкімнің күн тәртібін ел назарына салды. Бұл туралы nur.kz хабарлайды.
"Ешкімге тиіспей, өз бетіңізбен өмір сүріп жүргенде бір лифтіде Байбекпен бірге тұру қалай екенін елестетіп көріңіз. Бұл түс те емес, күн сайын балаларым үшін таңғы 7:30-да болатын флеш-моб. Иә, достар, Алматы әкімі бізбен бірге тұрады. Хрущевкада емес, әрине, бірақ Версаль немесе Девиль деп те айтпайсың. Қарапайым жаңа құрылыс", – дейді Әлібеков өз Facebook парақшасында.

Әлібеков бастапқыда Байбекті бұл пәтерде ұзаққа қоныстамайды, көп ұзамай "Ленин көшесімен жоғары, әкімдердің дәстүрлі мекендеу аймағына" көшіп кетеді деп ойлағанын жасырмады.

Алайда Алматы әкімінің көршілердің ПИК-ке шағымдарын сабырлықпен тыңдап, көршілес тұрып жатқанына екі ай болыпты. Ал ПИК болса, әкімнен қорықпайтын сыңайлы. Себебі тұрғындардың паркингтегі жарықтың әлсіз деп шағымдануына құлақ асар емес.

Жазба авторы егер әкім Байбек емес, өзге біреу болғанда бүкіл үйге жалғыз өзі қожайын болар еді деп санайды.

Бұдан бөлек, Әлібеков қала басшысының жұмысқа ертемен шығып, кеш қайтатынын жазған. Оның маңайында ілесіп жүретін ешкім байқалған емес дейді автор.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!