Қазақстан боксына Procter&Gamble демеуші болады (Бейне)

Фотография - Қазақстан боксына Procter&Gamble демеуші болады (Бейне)

Қазақстан бокс федерациясы Procter&Gamble компаниясымен жыл соңына дейін бокстан еліміздің ұлттық құрама командасына демеушілік көрсететіні туралы келісім-шарт жасасты.

339 0

 Қазақстан бокс федерациясы Procter&Gamble компаниясымен жыл соңына дейін бокстан еліміздің ұлттық құрама командасына демеушілік көрсететіні туралы келісім-шарт жасасты. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Осыған байланысты ұлттық құраманың боксшылары Head&Shoulders сусабынын жарнамалауға келісті.  Аталған компания бұған дейін де өзінің өнімдерін жарнамалау үшін дүниежүзіне танымал спортшылармен келісім-шарт жасасқан болатын.  Мысалы, футболистер Лионель Месси мен Мэтт Хуммельс, жүзуші Майкл Фелпс, хоккеист Хенрик Лундквист, биатлонист Эмиль Свенсен мен жеңілатлет Александр Шустовтың Procner&Gamble өнімдерін жарнамалағаны белгілі. Ал Қазақстанда мұндай жарнама түрі алғаш рет болып отыр.  Бокс федерациясының хабарлауынша, олар спортшыларды жарнама үшін кездейсоқ таңдаған жоқ.
"Қазақстанда бокс номері бірінші спорт түрі. Шетелде де Қазақстанда да жұрттың бәрі былғары қолғап шеберлерін жақсы біледі. Оларды әсіресе, спортты өмірінің серігі еткен адамдардың бәрі айнымай таниды. Сондықтан Procter&Gamble өнімдерін жарнамалау үшін қазақ боксшыларын таңдады. Енді аталған компания боксшылардың аттарын мерзімді баспасөз беттерінде, каталогтар, постерлерде, баннерлер мен телевидениедегі жарнамаларында пайдалана алады", делінген Қазақстан бокс федерациясының мәліметтерінде.
Алматыда Procter&Gamble компаниясының алғашқы жарнамасына ролистердің түсірілімі болды. Онда ұлттық құрама команданың капитаны Данияр Елеусінов компанияның өнімдерін жарнамалады. Роликтер жақын арада телеарналар мен интернетте көрсетіледі.

Сурет Данияр Елеусінов vk.com әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Тегтер:

бокс Procter&Gamble

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!