ОҚО-да трассаны жауып алған той кортежіне айыппұл салынды (видео)

Фотография - ОҚО-да трассаны жауып алған той кортежіне айыппұл салынды (видео)

Оңтүстік Қазақстан облысында полицейлер Түркістан қаласындағы жол тәртібін бұзған той кортежінің жүргізушілерін жауапкершілікке тартты.

467 0

Оңтүстік Қазақстан облысында полицейлер Түркістан қаласындағы жол тәртібін бұзған той кортежінің жүргізушілерін жауапкершілікке тартты деп хабарлады nur.kz-ке облыстың Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен.
Жақында әлеуметтік желіде куәгерлер жол ережесін бұзған той кортежінің видеосын жүктеді. Онда Түркістан маңындағы трассада той кортежінің бірнеше көлігі арнайы дабыл қосып, жолды жауып, жолдың қарсы бағытына шыққаны байқалады.

2015 жылдың 29 қыркүйегінде жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары той кортежінің қатысушыларын анықтады. "Лексус", "Хаммер" және "Тойота Лэнд Крузер" көліктерінің 6 жүргізушісі де Түркістан тумалары болып шықты. Жүргізушілер – 1971, 1973, 1988, 1990, 1991 және 1995 жылы туылған азматтар.

Тәртіп бұзғандарға үш бап бойынша айып тағылды: 590 бап – "Көлікті пайдалану кезінде ережені бұзу", 596 бап – "Көліктің жолдағы орналасу ережесін бұзып, қарсы бағытқа шығу немесе басып озу" және "Жол қозғалысы қатысушысының жол тәртібін бұзып, апатты жағдай тудыруы".

Кінәлілерге айыппұл тағайындалды. Үш азамат жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

"Лексус", "Хаммер" және "Тойота Лэнд Крузер" көліктерін полицейлер айып тұрағына орналастырды.


Тегтер:

ОҚО кортеж

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!