Нұрәлі Әлиев Финляндия Республикасының Сыртқы сауда және даму министрімен кездесті

Фотография - Нұрәлі Әлиев Финляндия Республикасының Сыртқы сауда және даму министрімен кездесті

Бүгін, 5 қазанда Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиевтің Финляндия Республикасының Сыртқы сауда және даму министрі Ленита Тойваккамен кездесуі өтті.

321 0

Бүгін, 5 қазанда Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиевтің Финляндия Республикасының Сыртқы сауда және даму министрі Ленита Тойваккамен кездесуі өтті.

Ленита Тойвакка ханым Қазақстан Республикасына сапары шеңберінде үлкен фин компанияларының 27 уәкілі делегациясы құрамында Астана қаласына келді.

Келіссөздерде тараптар ары қарайғы қазақстандық-финдік сауда-экономикалық серіктестік мәселелерін, сондай-ақ қалалық инфрақұрылымға қатысты мәселелерді талқылады.

"Қазақстан мен Финляндияны өзара тиімді серіктестікті бұдан әрі  нығайту үшін едәуір мүмкіндіктері бар дәстүрлі игі және жемісті қарым-қатынастар байланыстырады. Мұндай серіктестіктің негізгі көрсеткіші Астана және Оулу туыстас қалалар болып табылатындығы" - деді Н. Әлиев қонақтарға сәлем бере отырып.

Кездесу шеңберінде Нұрәлі Әлиев Министр ханымға және фин кәсіпкерлеріне "Smart Astana" Концепциясын іске асыру туралы да, сондай-ақ фин компанияларының "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағына тиімді қатысуы мүмкіндіктері жайлы айтып берді.

Әңгіме барысында Нұрәлі Әлиев "шетелдік инвесторларға үлкен қолдау көрсетілетінін, сондай-ақ мемлекеттік жеңілдіктер мен кепілдіктер ұсыналатынын" ерекше атап айтты.

Кездесу қорытындысында Нұрәлі Әлиев Ленита Тойваккаға қазақстанның астанасы Астанаға қызығушылық білдіргені үшін алғыс айтты, сондай-ақ "Astana Invest 2015"VI халықаралық инвестициялық форумында фин тарапының белсенді қатысуына сенімділігін білдірді.

Еске сала кетеміз, "AstanaInvest 2015"VI халықаралық инвестициялық форумы 2015 жылғы 29 қазанда Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында өтеді. Аталмыш Форум мемлекеттік билік уәкілдері, шетелдік және қазақстандық бизнес-қауымдастықтар арасындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге бірегей мүмкіндік береді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!