Алматы облысында әйелдер колониясындағы сотталушылар шоу ұйымдастырды (ФОТО)

Фотография - Алматы облысында әйелдер колониясындағы сотталушылар шоу ұйымдастырды (ФОТО)

Алматы облысының Жауғашты кентінде орналасқан ЛА-155/4 әйелдер колониясында "Дәлме-дәл" ("Точь в точь") қайта түрлену сауық шоуына ұқсас шара өткізілді.

325 0

Алматы облысының Жауғашты кентінде орналасқан ЛА-155/4 әйелдер колониясында "Дәлме-дәл" ("Точь в точь") қайта түрлену сауық шоуына ұқсас шара өткізілді.

"Бұл шығармашылық байқаудың ерекшелігі, сауық шоуын әйелдердің өздері ұйымдастырып, ниет білдірген барлық адамдар қатысты. Сотталушы әйелдер қоюшы суреткер де, орындаушылар да өздері болып, киімдерді де өздері тікті", - деп атап өтті әңгімелесу барысында Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЛА-155/4 түзеу мекемесі бастығының орынбасары Анастасия Астапова.

"Сотталған әйелдердің шығармашылық қиялы  көптеген танымал эстрада жұлдыздарының бейнесінде шығып, түрлі әндер шырқауға мүмкіндік берді. Осылайша, сахнаға Глория Гейнор, Жанна Агузарова және "Ялла" тобын бейнелеген әйелдер шықты. Көрермендерге, әсіресе аты аңызға айналған "Boney M" тобы мен әнші Сита (Үндістан) ерекше ұнады.

Осындай шараның өткізілуі сотталушылардың арасында тәрбие жұмысының бір бағыты болып табылады. Оған қоса, "Дәлме-дәл" шоуы -  сезімге бөлейтін әсерлі шара", - деп қосып өтті А.Астапова. 

2 

3 

4



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!