ОҚО-да мақтаның тең жартысы жиналды

Фотография - ОҚО-да мақтаның тең жартысы жиналды

Жерді өңдеудің жаңа әрі тиімді тәсілін қолданған оңтүстікқазақстандық шаруалар әр гектарына орта есеппен 18-20 центнерден өнім алып жатыр

152 0

Жерді өңдеудің жаңа әрі тиімді тәсілін қолданған оңтүстікқазақстандық шаруалар әр гектарына орта есеппен 18-20 центнерден өнім алып жатыр, деп жазады 24kz.

Биыл жалпы облыс бойынша қырманға 265 мың тонна ақ алтын жиналады деген болжам бар. Оған қоса зауыттар мақтаның әр келісін 100 теңгеден қабылдайды. Жер еміп өскен диқандар еркін айналымға жіберілген теңге бағамы өнім бағасына оң әсерін тигізіп, ала жаздайғы еңбектерінің ақталатынына сенімді отыр.

Жерді өңдеудің тиімді тәсілін қолданып, агротехникалық талаптарды қатаң сақтаған түркістандық дихандардың мақтасы бітік шыққан. Сәуірде себілген шиттің көсегі толық ашылыпты. Терімді де ерте бастаған. Ақ алтынға жауын тисе сарғайып сорты төмендеп кетеді. Сондықтан оны суыққа ұрындырмай жинап алу қажет. Техника үлгермеген жерге ауыл адамдарының күшін жұмылдырып жатыр. Әр келісіне 15 теңгеден ақы төлейді.

Диқандар бір гектар жерге орта есеппен 150 мың теңге шығындаймыз дейді. Бұрын бағасы арзандап қарызға белшеден батып қалушы едік. Теңгенің еркін айналымға жіберілуі мақта талшығының бағасының қымбаттап, табыс табуға көп көмегін тигізіп отыр дейді шаруалар.

Облыс бойынша биыл шамамен 100 мың гектар жерге мақта шиті себіліпті. Былтырғыға қарағанда егін көлемі біршама қысқарған. Дегенмен сапасы мен өнімділік төмендемейді дейді облыстық ауылшаруашылығындағылар.

Диқандар қазан айының соңына дейін қалған 122 мың тоннадан астам өнімді толық жинап алуды жоспарлап отыр. Оңтүстіктің мақтасына қазірдің өзінде көрші Ресей және Белерусьпен қатар Балтық елдерінен де сұраныс артқан. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!