Таразда Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу күндері тәртіпті 700-ден астам әскери қызметкер қамтамасыз етеді

Фотография - Таразда Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу күндері тәртіпті 700-ден астам әскери қызметкер қамтамасыз етеді

Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу биыл еліміздің барлық аймақтарында өтіп жатыр. Ең айтулы шаралар Жамбыл облысында, сондай-ақ Тараз қаласында 2015 жылдың 8-10 қазан күндері аралығында өткізіледі

140 0

Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу биыл еліміздің барлық аймақтарында өтіп жатыр. Ең айтулы шаралар Жамбыл облысында, сондай-ақ Тараз қаласында 2015 жылдың 8-10 қазан күндері аралығында өткізіледі.

ҚР Ұлттық гвардиясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, тарихи датаны мерекелеуді ұйымдастыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының подполковник Б.Ж. Нарбаев басқарған 5513 әскери бөлімінің 700 әскери қызметкерден тұратын жеке құрамы қатысады.

Осындай ауқымды оқиғаға дайындық қызу жүріп жатыр. Жеке құрам орналастырылып, күштер мен құралдар есептелді.

Жаппай шараларды ұйымдастырудағы дайындық кезінде 5513 әскери бөліміне тәжірибелік көмек көрсету мақсатымен Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясы "Оңтүстік" Аймақтық командованиесінің штаб бастығы, майор А.Д. Қаскелеңов келді. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!