Мүфтият Меккеден елге жете алмай отырған 2000-ға жуық қазақстандық қажыларға қатысты түсініктеме берді

Фотография - Мүфтият Меккеден елге жете алмай отырған 2000-ға жуық қазақстандық қажыларға қатысты түсініктеме берді

Қажылыққа аттанған отандастарымыздың жартысы әлі елге орала алмай жүр. Бұған "Flynas" әуе компаниясының рейстерді 48 сағатқа кейін шегеруі себеп болған.

332 0

Қажылыққа аттанған отандастарымыздың жартысы әлі елге орала алмай жүр. Бұған "Flynas" әуе компаниясының рейстерді 48 сағатқа кейін шегеруі себеп болған. Өз міндетіне салғырт қараған тасымалдаушының әрекетінен туроператорлар белшесінен шығынға батты деп хабарлайды КТК арнасы.

Өткен жұмадан бері әуежайда жатқан отандастарымыз не ыстық тамақ, не жатын орынмен қамтамасыз етілмепті. Еліміздің туристік агенттіктер қауымдастығының мәлімдеуінше, "Flynas" әуе компаниясы Сауд Арабиясының ұлттық тасымалдаушысы емес. Сондықтан Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасымен осындай мәмілеге қалай келгені белгісіз дейді.

Айта кетерлігі, Жидда мен Медине қалаларында шамамен 2 жарым мың қазақстандық қалып қойған. Оларды отанына жеткізу үшін қазір 280 орындық бір ғана ұшақ жұмыс істеп жатыр. Сондықтан мұсылмандық парызын орындауға кеткен жерлестеріміздің барлығы шамамен 10 күннен соң толық оралып бітеді.

Ал Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы қалыптасқан жағдайға қатысты отандық қажыларға енді сыйымдылығы 500 адамға жететін басқа ұшақ қызмет көрсететінін жеткізді.

Nur.kz тілшісіне хабарланғандай, қазіргі уақытта қазақстандық қажыларды елге тасымалдау жолға қойылды. Келіссөздер жүргізу нәтижесінде сыйымдылығы 500 адамға жететін үлкен әуекемесі бүгін (06.10.2015) Жидда-Алматы бағыты бойынша ұшты. Қажылардың елге келу жаңа кестесі құрылып, осы кесте бойынша әуерейстері орындалуда.

Хабарламада сондай-ақ қажылар әуежайда күтіп қалмау үшін ҚМДБ Қажылық Миссиясы қызметкерлері оларға алдын ала хабарлап, барлық рейстерге қажылардың уақытылы келуі реттелгені көрсетілген.

Мүфтияттың баспасөз қызметі отандастарымыздың басым көпшілігі ұшуға тиіс Жидда-Алматы бағыты бойынша жоспарланған рейстер толық орындалғанын хабарлады.

"Қажылардың қалған бөлігі Мәдина қаласындағы халықаралық әуежайдан елге оралады. Қажылық Миссиясының ұшақ рейстерін уақытылы реттеу жұмыстары Мәдина қаласындағы әуежайда жалғасады", – делінген ақпаратта.

а.

Джидда қажылар 1

Джидда қажылар

 
 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!