Қатонқарағайда халықаралық әуежай салынады

Фотография - Қатонқарағайда халықаралық әуежай салынады

Алдын ала болжам бойынша әуежай Үлкен Нарын ауылында орналасады. Оның әкімшілігі халықаралық рейстерді ұйымдастыруды көздеп отыр. Қазір техника-экономикалық негіздемесі аяқталды, алайда жобалық-сметалық құжат даярлау керек.

347 0

Туристерді тарту мен тұрғындарға қолайлы жағдай тудыру мақсатында Қатонқарағай ауданында әуежай салу жоспарланған, - деп хабарлайды  ШҚО ақпарат орталығы.

Алдын ала болжам бойынша әуежай Үлкен Нарын ауылында орналасады. Оның әкімшілігі халықаралық рейстерді ұйымдастыруды көздеп отыр. Қазір техника-экономикалық негіздемесі аяқталды, алайда жобалық-сметалық құжат даярлау керек.

Аудан әкімі Қалиқан Байғонысовтың айтуынша, Қатонқарағай ауданы табиғатының ерекшелігі туристік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. Аудан қонақтарына қызмет көрсетудегі қызмет сапасын жақсарту үшін әуежай керек болған.

Атап өту керек, биыл Қатонқарағай ауданына 15 мыңнан астам адам келді. Бұл 2014 жылғы көрсеткіштен 3,1%-ға артық.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!