Алматыда тұңғыш рет "Ашық көшелер" фестивалі өтеді

Фотография - Алматыда тұңғыш рет "Ашық көшелер" фестивалі өтеді

Алматыда 11 қазанда тұңғыш рет "Ашық көшелер" фестивалі өтеді. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық Мәдениет басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

147 0

Алматыда 11 қазанда тұңғыш рет "Ашық көшелер" фестивалі өтеді. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық Мәдениет басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Фестиваль аясында Қарасай батыр, Панфилов және Әйтеке би көшелері мен Абылай хан даңғылында таңғы сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін автокөлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Көшелер қала тұрғындарының пайдалануына беріледі. Онда азаматтар емін-еркін дем алып, серуен құрып, велосипед тебе алады. Сонымен қатар, "Ашық көшелер" фестиваліне келгендер спорт және би байқауларына қатысатын болады. Сурет салып, йогамен айналысуға да мүмкіндік бар. Бұдан өзге, қала тұрғындары жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы театрландырылған көрсетілімді тамашалай алады. Ал фестивальдің саябақтық аймағында мобильді кітапхана, велосипед тебуді үйрету бойынша шеберлік сыныбы және Панфилов көшесінде орналасқан метро бекеті алдында велопрокат ұйымдастырылады. Сонымен қатар, сол күні таңғы сағат 08:00 бен 09:00 аралығында велошеру ұйымдастырылады. Оған қатысушылар Абай даңғылынан бастап, Абылай даңғылы бойымен Астана алаңына дейін жүріп өтеді.  


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!