Халықтан сатып алынған травматикалық қарулар құқық қорғау органы қызметкерлеріне беріледі

Фотография - Халықтан сатып алынған травматикалық қарулар құқық қорғау органы қызметкерлеріне беріледі

Халықтан сатып алынған травматикалық қарулар құқық қорғау органы қызметкерлеріне беріледі

150 0

Халықтан сатып алынған травматикалық қарулар құқық қорғау органы қызметкерлеріне беріледі. Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысында ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлім етті. Айта кетейік, жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдарының қызметін және құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңы қабылданған болатын.

Талқылау барысында И. Меркель қолданыстағы заңға сәйкес, ағымдағы жылдан бастап республикамызда халықтан травматикалық қаруларды сатып алу басталғанын айтып өткен болатын. Оның сөзіне қарағанда, аталған науқанға бюджеттен 2 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылған.

"Қазірдің өзінде жарақат салатын травматикалық қарудың 38 мың бірлігі алынды. Олардың басым бөлігі қолдануға әбден жарамды. Дегенмен, қолданыстағы заңда бұлардың жойылуға жататыны көрсетілген. Осыған байланысты, біз сол қаруларды жойып, бюджет қаражатын шығындаудың орнына,  ондай қаруларды құқық қорғау қызметкерлеріне қызметтік қару ретінде пайдалануға беруді жөн санаймыз. Заң жобасында осындай өзгерістерді ұсынып отырмыз", - деді құжат бойынша түсіндірген И. Меркель. 

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!