Әлинұр Назарбаевтың шабандоздары Қазақ хандығының 550-жылдығында Топ бәйгеден жеңімпаз атанды (фото)

Фотография - Әлинұр Назарбаевтың шабандоздары Қазақ хандығының 550-жылдығында Топ бәйгеден жеңімпаз атанды (фото)

Тараздағы "Атшабар" ипподромында Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының құрамалары шөген ойынын көрсетті.

595 0

"Нұр Отан" партиясының қолдауымен бүгін, 8 қазанда Жамбыл облысы, Тараз қалалық "Атшабар" ипподромында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Жамбыл облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен  Ат полосы федерациясы ұйымдастырып отырған ұлттық ат спорты түрлерінен жарыстар өтті, деп хабарлайды Today.kz тілшісі. 

Тараздағы "Атшабар" ипподромында Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының құрамалары шөген ойынын көрсетті.
Бұл ойынды өткізу үшін жуырда "Атшабар" ипподромы қалыпқа келтірілген. Ол екі мың көрермендік орын, вип-орын, спорттық жолдармен қамтылды. Жолдастық кездесу көрермендердің көңілінен шықты. Ойын соңында Тараздық Әулие Ата құрамасы ОҚО құрамасын 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Сонымен қатар, "Атшабар" ипподромында  2,4 км қашықтыққа созылатын Ұшқыр бәйге сайысында  Махат Бақытбектің лақап аты Бәйтерек деген сайгүлігі бірінші болып келіп үш миллион теңгені қанжығасына байлады.Ал 21 шақырымға созылған Топ бәйге сайысында Әлинұр Назарбаевтың лақап аты Қозыкүрең деген сайгүлігі бірінші болып келіп бес миллион теңге ұтса, тағы бір шабандозы 50 номермен сынға түскен Торы аты төртінші болып келіп 500 мың теңгені қанжығасына байлады.

"Ұлы дала ойындары" ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстардың сыйлық қоры 32,3 млн. теңгені құрады. Бірінші орын үшін бәйгеде 10 млн. теңге, екінші орынға  5 млн. теңге, үшіншіге  2 млн. теңге қарастырылған. Барлық қаржы демеушілерден алынды.  

Сондай-ақ, "Атшабар" ипподромында көкпаршылар мен садақ атушылар мүмкіндіктерін көрсетті.  

Ертеректе, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монументі ашты, деп хабарлаған болатынбыз.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!