Астанада балалар арасындағы "Ғажайып күз" сурет байқауы өтті

Фотография - Астанада балалар арасындағы "Ғажайып күз" сурет байқауы өтті

"Астана дарыны» ғылыми-практикалық орталығы жыл сайынғы қалалық балалар арасындағы "Ғажайып күз" сурет байқауын ұйымдастырды. Аталмыш шара № 58 "Өркен" балабақшасында өткізілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

1733 0

Байқауға елорданың 50-ден аса мектепке дейінгі мекемесінен 200-ден аса шығарма келіп түсті. Қалалық байқаудың үздіктері арнайы дипломдар мен сыйлықтарға ие болды. Сайысқа "Табиғат және мен", "Бұл менің әлемім", "Ғажайып алыста емес " тақырыптары бойынша жұмыстар қабылданған.

Байқаудың гран-при жүлдесін № 30 "Қайнар" балабақшасынан Иван Тюляев, № 38 "Шаттық" балабақшасынан Алина Жұмабаева, "Қарлығаш" балабақшасынан Мансұр Өмірбаев иеленді.

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!