Жүзден жүйрік шыққан ұландар

Фотография - Жүзден жүйрік шыққан ұландар

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында "Үздік рота командирі", "Үздік взвод командирі" және "Рота командирінің үздік тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары" байқау-сайысының ІІ кезеңі өтті

232 0

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында "Үздік рота командирі", "Үздік взвод командирі" және "Рота командирінің үздік тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары" байқау-сайысының ІІ кезеңі өтті. Байқау-сайыстың мақсаты "взвод-рота" буынындағы офицерлерді қолдау, олардың кәсіптік шеберліктерін жетілдіру, Ұлттық ұланның дайындығы жоғары кадрларын іріктеу, әскери қызметтің имиджін көтеру болып отыр,  деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы "Оңтүстік" ӨҚ баспасөз қызметі.

Аталған байқау-сайысқа "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына қарасты 11 әскери бөлімнің офицерлері қатысып, түрлі әскери сынақтар бойынша күш сынасты, мемлекеттік-құқықтық дайындық, Ұлттық ұлан тактикасы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жалпы әскери жарғылары бойынша білімдерін көрсетті, ату дайындығы және спорттан жетістіктерімен бөлісті.

Үшкүндік сайыстың қорытындысы бойынша "Үздік рота командирі" болып 6506 әскери бөлімінің автомобильдегі жедел мақсаттағы батальонның 6-рота командирі капитан Авдеев Алексей Николаевич, "Рота командирінің үздік тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары" болып 7552 әскери бөлімі 4 атқыштар ротасы командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары аға лейтенант Мұқышев Еркін Ертарғынұлы аталса, "Үздік взвод командирі" атағын 5571 әскери бөлімі 1 жедел мақсаттағы ротаның БТР взводының командирі лейтенант Жаутай Ризабек Асқарұлы жеңіп алды. Жеңімпаздар қолбасшылық атынан лайықты марапаттарға ие болды, сонымен қатар аталмыш сайыстың шешуші кезеңіне жолдама алды. Бұл жолдама жас офицерлерге берілген әскери жоғары мансаптың алғашқы баспалдақтары деп сеніммен айтуға болады. Ол үшін тек Отанға қалтқысыз қызмет етіп, офицер атына кір келтірмеуі тиіс.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!