Астанада ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу бойынша айлық өтуде

Фотография - Астанада ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу бойынша айлық өтуде

Айлықтың мақсаты ауру асқынуларын болдырмау үшін уақытында медициналық көмекке жүгіну керектігі туралы халықты ақпараттандыру болып табылады.

249 0

2015 жылдың 28 қыркүйегінен бастап 28 қазанына дейін Астана қаласында ЖРВИ, тұмау, пневмококктық инфекцияның алдын алу бойынша айлық өтуде. Айлық аясында алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету ұйымдарында ашық есік күндері өтуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айлықтың мақсаты ауру асқынуларын болдырмау үшін уақытында медициналық көмекке жүгіну керектігі туралы халықты ақпараттандыру болып табылады.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметтерінше, 2014-2015 жылдың маусымында ЖРВИ-дің 16 985 фактісі тіркелді, соның ішінде тұмаудың 145 фактісі анықталған. Астанада тұмаудың алдын алу шаралары иммундау түрінде жүргізілуде. Осылайша, 2015-2016 жылғы маусымда тұмауға қарсы вакциналауға жергілікті бюджеттен 10 321 826 теңге бөлініп, 13 741 вакцина сатып алынды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!